ТУНДРА

Арқалық мұз мұхитының жағасын қуалай, ұзыннан ұзақ созылған «тундра». Тундра дегеніміз – өте зор батпақты мидей тегістік дала. Сентябрь ортасынан тундрада қыс түседі. Ірі-ірі жапырақтап қар жауады Бірнеше жұмадан соң бүтін даланы қар көміп қалады. Қарасаң көзіңе тек ұшы-қиыры жоқ аппақ дала түседі. Толып жатқан батпақтар бетін мұз жауып, қар көміп тастайды. Өзен, сулар қатқан. Күн санап аяз қатая береді, кейде  градусқа да жетеді. Қар басқан ми даланың үстінен оқтын-оқтын, бетіңді қарып кеткендей суық жел жүреді. Жел қарды бұрқыратып көтереді, ауаға үйіреді. Алай-түлей қылып, бүріктіре қуады, биік-биік күртік тұрғызады. Оны тағы үрлей жөнеледі. Тундрада қыс ұзақ бола-ды, кейде сегіз, кейде тоғыз ай созылады. Ай санап күн қысқара береді. Декабрь ортасында күн жарты сағат қана көрінеді, сонан соң батып, қысқы ұзақ күн басталады. Сол кезде тундрада тұру аса қиын, қысты күні тундрада құлақ кескендей тым-тырыс. Тек, түнде анда-санда жалғыз иттің үргені я ақ жапалақтың дауысы ғана шығады.Күн тіпті көрінбей кеткен соң, тундрада бірнеше ай жұлдыз бен айдың сәулесі ғана жылтылдап тұрады, күннің орнына кейде тек арқа жарығы ғана көрінеді. Тундра халқы қашан күн көрінеді деп күте-күте сарғаяды. Бір мезгілде сарғайып күткен уақыт та жетеді. Көкжиектен күлімдеп, жылы жүзбен күн көтеріледі. Әуелгі кезде күн көкте аз тұрақтайды. Бара-бара күн ұзара береді, түн қысқара береді. Жұмалар өтеді, күн ұзаюын қоймайды. Ауа жылыныңқырайды, өзендер бұзылады, батпақтар жібиді. Қар кеміп, жер ашыла бастайды, бірақ ұзақ қыс бойы жер терең қатқан соң, қысқантай жазға, тоң бір-екі кетпен басы ғана жібиді. Апрель басынан «ақ түндер» басталады: күн қызылы сөнбей тұрып, екі сағаттан соң күн қайта көтеріледі. Июнь ортасынан бастап күн ба-туды қояды. Сонда барып тундрада жаз басталады.Жазды күні тундра сүйкімдірек болады. Өсімдік көрінеді, бірақ бұлар сорлы өсімдіктер! Жер бетін «иагел» деген ақ сұр шөп жа-бады: әр жерде сексиген бүлдірген, қарамық көрінеді. Анда-санда шая, бұраң қайың болады. Неше жүз шақырым жерге шейін баяғы ажарсыз көрік: күн жүресің, жұма жүресің, мүктен басқа дым көрмейсің. Тундраның сәнін келтіретін көп көлдері.Жазды күні мың сан құс у-шу болып көлді жаңғырықтырып жатқаны. Тундраға топ-топ тырна, лек-лек қаз, шоқ-шоқ үйрек, тізілген қу, топтанған кегірлер қиырдан ынтасын салып ұшып ке-леді. Біреулері тамақ асырау үшін келеді, біреулері осы жаққа ұя салып, балаларын шайқап шығарып, кейін алып жөнелу үшін ке-леді. Бұлардың бәрі – тундраның уақытша ғана қонағы. Жаз айлары өтеді, құстар тундрадан кейін қарай тартады, көлдер тағы жетім-сіреп қалады. Уылдырығын шашу үшін тундраның өзендеріне жазға қарай теңізден түрлі балықтар өрлеп келеді. Китке шейін бала үшін өзеннің кең сағасына жетеді. Қыраң жерлерде қасқыр, түлкі, бұғылар көріне бастайды. Аңның соңынан қуып, тундраға топтанып, қалың масалар аттанып келеді. Масаның көптігі сонша болады, ауаны тұтып, дем алғызбайды. «Ә» дегенше денең үстіне үймелеп, маса жабылып қалғанын көресің. Масаның үсті-үстіне шаққанынан адам есінен танады, кейде өледі де.Тундра – кедей, сорлы жер. Адамға, жәндікке, өсімдікке өте кедей: шөбінің көбі – мүк, жандығының дені – маса бұғысын қоралап, айдап көшіп жүрген, анда-санда көшпеліге ұшырайсың.

Ахмет Байтұрсынұлы

«Живой родниктен»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *