Жұмабек Тәшенов

Жұмабек Тәшенов (20.03.1915 – 18.11.1986) – мемлекет
және қоғам қайраткері. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Төралқасының төрағасы, 1960-1961 жылдары Қазақ
КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Ол Қазақстанды басқарған жылдары қазақ мемлекетінің
территориясының тұтастығын сақтап қалды. Мысалы,
Маңқыстауды Түрікменстанға, Тың өлкесіне біріктірілген
Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге, Оңтүстік
Қазақстанның мақталы аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы
шыққан. Қазақ жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық
білдірген. «Қазақ әдебиеті» газетін жабудан, «Социалистік
Қазақстан» газетін «Казахстанская правда» газетінің аудармасы
етіп шығарылу қаупінен қорғап қалған. Шығармашылық одақтар
өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында «қазақ
ауылын» құрды деп айыпталған. «Ұлтшыл» ретінде кінә тағылып,
Н.С. Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылған. Жұмабек
Ташеновтың арғы ата-бабалары ел бірлігін, жер тұтастығын
найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қан төге қорғаса, өзі 1955-
1961 жылдары 7 жыл бойы қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық,
мәдени дамуына басшылық жасай отырып, Орталықтың
(Мәскеудің) Қазақстанды бөлшектеу, қазақ жерлерін көршілес
республикаларға беру жөніндегі жобасына қасқайып қарсы тұрды.
Ол мұның арты неге барып соғарын білді де, саналы түрде елдің,
халықтың, жердің, мемлекеттің мүддесін өз мүддесінен жоғары
қойды.
Шығу тегі: Алтай – Мойын – Сарша – Қареке аталығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *