Сайдалы ру бөлімі


Сайдалы ру бөлімі – Қуандықтың Алтай руындағы жеті ру
бөлімінің бірі. Шежірелік материалдар бойынша, Алтайдың жеті
ұлы ішіндегі үшеуінің — Әлкенің, Байдалының және Сайдалының
анасы бір. Қуандық, Алтай арасында Сайдалы ру бөліміне
жататындар — «Өр Алтай», ал Әлке мен Байдалы ру бөліміне
жататындарды «Төменгі Алтайлар» деп атап кеткен. Мұндай
атаулар шығу себебі былайша болған екен.
Алдыңғы беттерде айтып өткеніміздей, Алтай Қанжығалы
Пішпекбайдың малын жұттан аман алып қалып, бір қызына
үйленеді. Ол қыздан Сайдалы дүниеге келеді. Кейіннен Байдалы,
Әлке де дүние есігін ашады. Уақыт өте келе «Алтай Пішпекбайдан
рұқсат алып, еліне қайтпақшы болады. Сайдалы әкесіне ермей,
сол Ақтау, Ортау, Жаңаарқа жағында қалып қояды. Қырда қалып
қойған Сайдалы әулетін жергілікті халық «Өр Алтайы» деп атап
кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *