Жаулығының шетіне үш тиындық қара бақыр түйіп, Байжанды ертіп, шешесі Жақыптікіндегі молдаға апарды.Балалар у-шу оқып жатыр.Көсе, арықтау қара кісі отыр. Байжан үйге кіргенде не болғанын білмеді… Буыны босады, кісіге қарауға жүзі шыдамады, төмен қарады, әжесінің тасасына жасырынып тұрды. Болбыраған жас жүрегі елжіреп, буыны дірілдеп, аяғын басып тұруға шамасы әрең келді. Балалардың көзі Байжанда. Байжан ұялып төмен қарайды. Молда басын көтеріп қарады да:– Жоғары шығыңыз, бәйбіше! – деді, молда.Байжан молданың сөйлегеніне таң қалды. Молда адамша сөйлемейтін, оқуша сөйлейтін бір түрлі басқа зат деп білетін еді. Оның ойынша молда деген ол зор дәрежелі және адамның ойындағысын білетін бір кісі еді.Нұрлы күн ұясынан жаңа бас көтеріп, әлемге сәулесін түсірді. Елдің көбі қалың ұйқыда жатыр. Жазғы қысқа таңға ұйқысы қана алмай, ертеңгі қоңыр салқын мезгілде жұрт рахат пен тыныштықта. Ауылдан оқшауырақ тігілген кішкене қоста он шақты бала тыныштықтың сәнін бұзып, ың-жың шулап отыр.Балалар көздері жасаурап, жағының жүні үрпиіп, есінеп-есі-неп ызыңдап, ыңылдайды, әйтеуір дауыс шығарып, ән қосқанына мәз. Сөзінен жаңылып, қалғып бара жатқан баланы төрт өрме қамшымен молдекең арқаға тартып қалғанда шошып оянады. Балалар шу ете қалады. Қасқырдан үріккен жылқыша, жұмыла шырқырап, тағы шулайды. Басында елтірі бөрік, шалбарсыз, ұзын желең айқара жамылып, сұстанып, жыландай ысқырып, шал мол-да балалардың зәресін алып отыр. Бір жапырақ қағаздың кірден жылтыраған бетіндегі ірі жазуға қарап, сегіз жасар Байжан ілгері-кейін шұлғып, «пи-қаф», «қаф-пи» деп ызыңдайды, молданың көзі түсіп кеткенде, ұясынан кенеттен ұшқан торғай сияқтанып, қаттырақ шырылдайды. Анда-санда молда: «Оқыңдар!» – деп, есі-неп қояды.
9Ұйқы басып, маужырап отырған Байжан жалыққаннан жа-нындағы балаға сыбырлап бірдеме дей беріп еді, жаққа шарт еткізіп молда салып жіберді. Иегі кемсеңдеп жылайын деп еді, қамшысына молда қол созған соң, көзінен жасын тиып, «пи-қафқа» сала бастады.Біраздан соң ұйқысын ашу үшін Байжан қағазын бүктеп серігі-не берді, есік алдына барып, қол қусырып: – Молдеке, қажет рау-ма? – деді.– Жаңа келдің, хайуан, отыр! – деді молда.Байжанның көзі жасаурап, жанындағы үлкенірек серіктеріне жалт-жалт қарап, орнына қайта отырды.
Ахмет Байтұрсынұлы