1. Ағайынды адамдардың жас жағынан үлкені. 2.Жасы үлкен ер адам. 3.Жетекші,ақылшы, басшы. 4.Қызмет дәрежесі жоғары адам. Ағалар алқасы – өндірісте, мекемелерде еңбек ардагерлерінен құрылған кеңес. Аға буын – үлгі-өнеге көрсеткен, тәрбие берген, тәлімгер адам. Ағаның алды ақ жайлау – ел басқарған, көпті көрген адам кең пейілді болады д.м. Аға өлсе, іні мұра көне – әмеңгерлік жолымен өз жесірін өзгеге бермеу. Аға тұтты – аға деп сыйлады, құрметтеді.