Айналған келе-келе сыры мұңға,
Тастаған тірлігіне құрығың ба? –
Қартайды ол орда бұзбай отызында,
Қамал да ала алмады қырығында.
Салмайды бұ тіршілік басқа нені,
Апыр-ай, өтті-кетті жаc па, емі?..
Етеді шүкіршілік барға қазір,
Көрсеткен артын өмір қасқа мА еді?..
Алдырған бойын көзсіз қыңырлыққа,
Мінезі өрге тартты сығыр мықты, ə.
Сонда да бақытты өзі бола алмады,
Өлеңін өзек етіп ғұмырлыққа.
Көңілін көпіршіген сыраға алдай,
Сілтеді арақты да бір адамдай.
Өлеңі өлерменнің ісі болып,
Өмірден өтер ме екен мұра қалмай?
Аманхан Әлімұлы