Айнала бұлақ, басы тең,
Азаулының Ыстамболдан несі кем?!
Доспамбет
Айнала қырат, төсі кен,
Маңғыстаудың Ыстамболдан несі кем?!
Ер Доспамбет ағадан
Кем бе еді менім-дағы несібем?!
Әлі асқанның азуында кетті Азаулы,
Жаратқанның жазуында кетті Ажалды,
Жарақты елдің қазуында кетті Хазарлы.
Еніп алып Есіме, кіріп алып Түсіме,
ей, Ер Доспамбет ағамыз, қоймадыңыз-ау қажауды!..
Ер Доспамбет ағамыз, назар салып қараңыз,
кәпір оғы қыл майқаннан қарып түскенде,
тұлпар жалғаннан жұлдыздай ағып түскенде
сөнген жоқ еді ғой санаңыз.
Сол жығылғаннан тұрғаным жоқ әлі мен,
ғұмыр кешем залымдардың заңымен.
Шах Мамайдың төрткүліне шығамын,
шығамын да бұғамын, дұшпан сұғын қадар деп,
қорыққаным кәпірлердің кәрінен.
Кейінгі қалған көп көпек аруларымның белін шешіп
ие боп,
Сенен қалған ардың туын күйелеп; тіннің бәрі шым
шытырық шие боп,
қақ сүйекті қан қақсатып тиеді оқ!..
Жатып жиған тезегімнің ығында бұраламын үйелеп.
Құтылдым деп орыстан, тұтылыппын борышқа!
Анау жылы кәрін шашқан бағы қашқан қонысқа
погондылар Мәскеу жақтан ұшып кеп, жұлдыздары иығында күшіктеп, зілді ызғары миығында ісік боп,
жүруші еді біздің мынау болыста.
Светқали Нұржан
Ескерту: Өлеңнен үзінді берілді.