ЖАРЛАУ

 
Жарқ етіп көшті жаз дәурен,
Жаңғырды талай жыр көшем.
Жанумен, жана жаздаумен
Жетіппіз жырақ жылға есен.
Жылаулы жылдар қалды артта,
Жалаулы шақтың бәрі есте.
Жайласам жазғы Жәннатта,
Жасаған жазды емес пе!
Жуалы жонас, сайыңнан
Жай ұрған талай жоғалды із.
Жұлынға жұғы жайылған
Жұпарлы жалбыз, көк андыз.
Жанымды жүрген жадылап
Жамбасқа жұққан топырақ.
Жосылды жолдар жамырап,
Жерімнің жақтым отын ап.
Жапанқыр, жалғыз отанды
Жауладым жырмен, қиялмен.
Жерлендім жалпақ жаһанды
Жарығы жылы ұяммен.
Жанарға жылдар жақса үміт,
Жондағы гүлдей қысылдым.
Жолдаған жанға жақсылық
Жырымды жазған ұсындым.
Жүрекке дәйім жағып шам,
Жанында жүрдім Арымның.
Жыламай жалған жабықсам,
Жарығын жұттым жанымның.
Жарылмас досым өлеңім,
Жүз жолдас жидым қасыма.
Жастықтың жасыл желегін
Жұбайдың жаптым басына.
Жолығар жанға аза сын,
Жазуым бітіп кенеттен,
Жаратқан жазып жазасын,
Жазымыш жетсе, жоқ өкпем!
Жемітін жұтсын шата сұм,
Жолығар алдан Ар түрме.
Жендеттің жемей жапасын,
Жеткей жан Мүңкүр-Нәңкірге!
Жоғалтқан Арын қарын жеп,
Жанынан аулақ боқ байдың!..
Жаббардан жақын
Жарым жоқ,
Жұртымнан жырақ жоқ Қайғым!
Жазықсыз, қалай тұл қалмақ,
Жалпыға жи ған қазынам?!
Жоқ арманжатсам жыр жолдап,
Жәннаттың жұпар жазынан!
 
Светқали Нұржан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *