ДӘУРЕН КӨШКЕН

 
Кез қайда жаз жәнатын қусырмаған?
Көзімнен жібек құмдай сусыр ғалам.
Барады тас төбемнен Дәурен көшіп,
Қанаты құлағымда сусылдаған.
Кез қайда қусырмаған жаз жәнатын?
Қалқамның әр қылығы наз болатын.
Сыңсыған, Айлы Дәурен, көштің қайда
Басымда қонақтаған аз ғана түн?
Қош, қалқам әнді жалған, өлең жалған,
Кеудемде әрең жанған сөнерде арман
Саз қылып, самал қылып тарқатармын
Сарқытын сағыныштың сенен қалған…
Ай дарақ, болғай жұлдыз бұтаң да аман!
Деп тілеп, саусағыма тұтам қалам.
Соңымда саз самалым қалса аңқылдап,
Алдымнан күтер, бәлкім,
ЖҰПАР ҒАЛАМ?..
 
Светқали Нұржан
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *