ТҮНГІ «КАРТИНА»

 
Жолдар сұлық.
Қалтырайды жиекте тоңған шілік.
Ессіз көше қоңырқай есінейді,
Жел сызымен ауаға қанжар сұғып.
Бұлдыр ғалам.
Айдың бозғылт сәулесі,
Түн.
Жыр…
Далам…
Мөлт-мөлт еткен тамшының мөлдір сөзі,
Күміс су көмейінен былдырлаған.
Қараңғы ауыл.
Сан ойлар жамырайды санамда кіл.
Сәмбі талға сүйеніп әлі тұрмын,
Тапталып… табанда Гүл…
Жолдар сұлық…
Түн әлсіз күбірлейді:
«Алдамшы Үміт!»
 
Саян Есжан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *