Тас шешей

 
Жын қаққандай долданып,
Су жұлқына соғады.
Салдыр-гүлдір күркіреп,
Судан боран борады.
Қалбақтап қалақ бұлқынса,
Бұрқақтайды бораны.
Тас сырылдап айналып,
Бірін-бірі жонады.
Тас ұршықтың тесігі
Мамадан бидай сорады.
Суыра сорған бидайын
Шайнап, жұтып, обады.
Майда, мапа мамық ұн
Тас толғақтан туады.
Сырғыта айдап ақ ұнды
Кең шанаққа құяды.
Сабақта ине, дайындал,
Қарағым, қабың толады.
Бұрқылдақ ұн борасын
Бет-ауызға қонады.
Кірген кісі боз кемпір
Болады да қояды.
Бауырсақ, тоқаш, май шелпек
Әнекей әжең соғады.
Құймақ жеген кәрі атаң,
Кекіріп, қылды тобаны.
Күйік күлше-күлдемеш
Қойынға қойшы орады.
Жеген адам жетісті,
Нан екен бар болғаны.
Бітеуіңді уатқан,
Балаларды жұбатқан,
Кемпір-шалды қуантқан,
Тіршілік екен тиірмен,
Аңырмай астық салалы…
Ағызып ағын төсінен,
Шайнап беріп өсірген,
Асыраған анаң кім?
Тас шешей сол болады.
 
Ілияс Жансүгіров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *