ЖАҢА ӨЛКЕ

 
Кешегі бір шерлі қазақ даласы,
Алтын өлке міне, бүгін қарашы.
Құшағында, салтанатты, мархабатты сан ұлты
Жарқыраған жаңа өмірдің қаласы.
Қайырмасы:
Бізде байлық береке,
Бізде шаттық мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз,
Астананы жаңа өлке.
Арманына жетті халқым көздеген,
Сарыарқам да, cap далам да өзгерген.
Жасыл қалам алтын әннің, алтын дәннің ордасы
Қымбаттысың ел-жұртыңа өзгеден.
Қайырмасы:
Бізде байлық береке,
Бізде шаттық мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз,
Астананы жаңа өлке.
Сүйем сені, сұлу Ертіс, көл, аспан,
Жеріңе сай атың қалай жарасқан.
Гүлдене бер, өрлене бер, жас қала,
Жаңа өмірге жаңа туып жол ашқан.
Қайырмасы:
Бізде байлық береке,
Бізде шаттық мереке.
Әнге қосып ардақтаймыз,
Астананы жаңа өлке.
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *