Сауыншымын әйгілі бұл ауылда
Төл өсірген қақтырмай қар жауынға.
Сиыр сауып қатардан озып шығып,
Дайын тұрмын көрмеге мен баруға.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалың көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Кең өріске жерім сай!
Құлпырған, кең өріске
Жерім сай.
Дара шыққан талай дос-замандастан
Жақсың бар ма дәл бүгін менен асқан?
Бір көруге құмартып бұл жеңгейді
Мен естимін, жігіттер бар-таласқан.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалың көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Кең өріске жерім сай
Құлпырған, кең өріске
Жерім сай.
Халқымменен бірге өскен бір тілекпен
Сауыншымын еңбекпен көзге іліккен,
Алғысымды айтамын құрмет етіп,
Сені сүйген, Отаным, шын жүректен.
Қайырмасы:
Малға елім бай,
Қалың көкорай,
Жасыл шалғын
Тамаша құлпырған,
Кең өріске жерім сай!
Құлпырған, кең өріске
Жерім сай.
Ілияс Есенберлин