ДОМБЫРА

Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,
Естіген жан үнін аңсап сағынған.
Тарта білсең дұрыс қойып, дұрыс қойып тиегін,
Кеңітеді көңілдің көк,
Көңілдің көк жиегін.
Бұл домбыра талай ғасыр жыр еткен,—
Махаббатты шыққан ыстық жүректен.
Жан сезімін аялатқан,
Аялатқан, тербеген
Кейде шаттық, кейде қайғы,
Кейде қайғы-шерменен.
Бұл домбыра тапқан ақын жүрегін,
Тартқан жарға айтам деген тілегін.
Үні тәтті күлкісіндей,
Күлкісіндей қалқаның
Сол себептен домбырамды тартамын.
 
Ілияс Есенберлин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *