ЖҮРЕК ЖЫРЫ

 
Әлемге төгіп сән,
Тербетіп алтын дән,
Жайқалған алқапқа егін жай,—
Келемін күнде іздеп
Қарсы алар күлімдеп,
Қайда деп шын сүйген қалқатай?
Қайырмасы:
Сүйген сәулем, ақ гүлімсің,
Көктегі жайнаған күнімсің.
Бұлбұлым,
Тербетсін,
Жер бетін
Тәтті үнің.
Сен еккен ақ бидай,
Жел теңсеп толқындай
Ашады құлпырып көңілді.
Ләззатың жарасқан,
Көктемдей гүл шашқан
Бөлейді шаттыққа өмірді.
Қайырмасы:
Сүйген сәулем ақ гүлімсің,
Көктегі жайнаған күнімсің.
Бұлбұлым,
Тербетсін,
Жер бетін
Тәтті үнін
 
Ілияс Есенберлин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *