АҚ ҚАЙЫҢ

 
Ектім мен ұлыма арнап тал шыбықты,
Елемей күзгі суық ызғырықты,
Еккенде ұлыма арнап тал шыбықты,
Дедім мен ақ қайыңдай өссін мықты.
Қайырмасы:
Ақ қайың-ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан қақпайын.
Күн сүйіп, жаңбыр құшып жазға салым,
Ақ қайың төкті жасыл жапырағын…
Жайқалды жас қайыңдай ұлым-дағы
Октябрь шашып алтын күн шапағын…
Қайырмасы:
Ақ қайың-ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан қақпайын.
Қос қайың күннен-күнге құлпырады,
Жүрекке көрген сайын жыр туады,
Тілеймін солар үшін сөнбесін деп,
Көкте күн, жерде Октябрь күн шуағы.
Қайырмасы:
Ақ қайың-ау, ақ қайың,
Мәпелейін, баптайын.
Ұлым сендей құлпырсын,
Маңдайынан кақпайын.
 
Ілияс Есенберлин
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *