ТАҢ ГҮЛІ

 
Шық жамылған жасыл төккен
Көрдім сұлу таң гүлін.
Шықпас үні көкіректен
Көрдім дала бұлбұлын.
Қозғап ойды жан сезімі
Неге сонша болдым шат?
Білсе құрбым айтсын өзі
Осы ма екен махаббат?!
А — болдым шат!
А — махаббат!
Білсе құрбым айтсын өзі
Осы ма екен махаббат?
* * *
Соққан самал тынық кеште
Тербетеді су бетін.
Түсіреді кенет еске
Қиял достың суретін
Қозғап ойды жан сезімі
Неге сонша болдым шат?
Білсе құрбым айтсын өзі
Осы ма екен махаббат?!
А — болдым шат!
А — махаббат!
Білсе құрбым айтсын өзі
Осы ма екен махаббат?
* * *
Көңіл құс боп ұшады ма,
Жүрек тулай береді.
Шаттық сыймай құшағыма
Сақ-сақ күлгім келеді.
Қозғап ойды жан сезімі
Here сонша болдым шат?
Білсе құрбым айтсын өзі
Осы ма екен махаббат?!
A — болдым шат!
А — махаббат!
Білсе құрбым айтсын өзі
Осы ма екен махаббат?
 
Ілияс Есенберлин
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *