КӨК КЕПТЕРІМ

 
Көкте ойнаған кептерім,
Шақырамын кел бері.
Көр өмірдің көктемін,
Көр тамаша елдерді!
Қайырмасы:
А-ха, ха, ха-ха!
Көк кептерім,
Саған арнап
А-ха, ха, ха-ха!
Саған арнап
Гүл еккенмін!..
Сен құсымсың, ерке жел,
Білмес дұспан қамалын,
Қанатыңмен ерте-кел,
Бейбітшілік самалын.
Қайырмасы:
А-ха, ха, ха-ха!
Көк кептерім,
Саған арнап
А-ха, ха, ха-ха!
Саған арнап
А-ха, ха, ха-ха!
Саған арнап
Гүл еккенмін!..
Келші, достым, қасыма,
Кеудеге гүл қадайық,
Алтын күннің астында,
Көкке қанат қағайық.
Қайырмасы:
А-ха, ха, ха-ха!
Көк кептерім,
Саған арнап
А-ха, ха, ха-ха!
Саған арнап
Гүл еккенмін!..
 
Ілияс Есенберлин
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *