АУРУ

 
«Дәрігер, дәрі, бақсы!» – деп,
Алмаңдаршы мазаны.
«Тірліктен өлім жақсы!» – деп,
Сұраймын өзім қазаны.
Дене ауырса, дұрыс-ақ,
Дәрігер, бақсы ем қылар.
Жан ауырса, ойлап бақ,
Жанға емді кім қылар?
Уланды жүрек, жан күйед,
Ішім толған қызыл шоқ.
Не себептен, Тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға – жоқ?
 
Мағжан Жұмабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *