ЕС КІРГЕН СОҢ 17.01.202017.01.2020 Ulagat Бұртаң-бұртаң, Жыртаң-жыртаң, Ой, сезім жоқ көк есек. Бұқа мойын, Тұтам бойын Көрмеген мен – көбелек. Шіркін жастық, Ессіз мастық, Не айла бар? Бетім-ау: Жансыз жанды, Сол соққанды, Соны да сүйдім дедім-ау Мағжан Жұмабаев Просмотр: 221