КӨКШЕТАУ

 

Аспанменен тірескен,
Тәңіріменен тілдескен
Көкшетауым біп-биік.
Қою қара көк бұлт
Жайнап, ойнап, құлпырып,
Көкшетауды тұр сүйіп.
Көкшетаудың көзі жас,
Ылғи мең-зең, айнымас
Қалың тұман мұнардан.
Инелік өтпес жіп-жиі,
Оқтан түзу тал бойы
Қарағайға оралған.
Әлдеқайда, биікте
Төніп төмен – киікке,
Қанды көзді қыран жүр.
Мен де Мұса болар ем,
Тілдестірсе Тәңірімен,
Көкше маған болып Тор
Құшам Мұса аяғын,
Өлеңім – ізгі таяғым,
Көкшеге мен де шығамын.
Аяқ басып Арсыға,
Жүгіріп барып қарсына,
Тәңірінің тілін ұғамын.

Мағжан Жұмабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *