БҮГІНГІ КҮН ӨМІР, ӨЛІМ – МЕНІКІ

 

Басы – сайран, сұм жалғанның соңы – ойран,
Адам өмірі – тағдыр ойыны. Біл де ойлан!
Есіл жастық ескен желдей гуілдеп,
Әлі-ақ кетер жүректен – от, күш – бойдан.
Көздің нұры кеміп, жақтар суалар,
Сүмбіл қара шаш селдіреп қуарар.
Ет таралып, сүйек қалып саудырап,
Тамырларда сасық сары су ағар.
Сұм тағдырдың емес пе бұл мазағы,
Аз өмірде естен кетпес азабы.
Жаты түгіл, жақынына жексұрын
болып, өзі тілесін деп қазаны!
Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын,
Жалмауыз жер мейлі жұтсын, тоймасын.
Жансыз суық көзін қадап қу өлім,
«Тез» деп күтіп, тісін шықыр қайрасын.
Не қылса да, өлімнің өз еркі,
Жындандырад мені сұлу көркі.
Құшам, ішем, жынданамын, жылаймын,
Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі!

Мағжан Жұмабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *