Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,
Қылғанға адал еңбек зейнет жері.
Жалғанның бір мүшесі бола алмассың,
Қиналып, маңдайыңның ақпай тері.
Қорықпа, ұмтыл, соқса дауыл, ескегіңді ес,
Деп жатпа: «Алма піс те, аузыма түс!»
Бейнет, еңбек қылмасаң – босқа өлгенің,
Құрғақта қайық жүрмес, үмітіңді кес!
Мағжан Жұмабаев