АБЫРОЙ

 1. Ар, ұят. 2.Атақ, дәреже, бедел. Абырой алды [тапты, әперді, әкелді, берді] – құрметке бөленді, беделге ие болды.Абыройға бөленді – даңқы артты, атын шығарды.Абыройдан айрылды – беделі түсті, ұятқа қалды, масқара болды. Абыройын [айрандай] төкті – ар-ұяттан жұрдай болды. Абыройы артты [асты]- атағы елге жайылды, беделі өсті. Абыройы ашылды – тәні көрініп, ұятқа қалды. Абыройын алды [кетірді] – беделін түсірді, қадірін кетірді. Абыройын аяққа басты – масқара етті, қорлады. Абыройын жапты- намысын қорғады, ұятқа қалдырмады.Абыройы түсті [кетті,жойылды] — қадір-қасиетінен айырылды, бағасы түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *