КОЛЧАКТЫҢ ЖАНТАЛАСҚАН ШАЛЫҒЫ

Мен елге келген кезде Колчак жанталасуда екен.
Тұмсығы қанға батқан сайын, құтырған қасқырдың көзіне қан тола береді. Көрінгенге шабады. Біреуді жарып кетеді. Біреуді бауыздап кетеді. Көрінгенге шабады. Көрінгенге тісінің қанын жағады. Құтырған қасқыр қанға кәнігі болады. Шашылған қанға мас болады. Көзіне қан толады. Құтырған қасқыр имену, ойланудан кетеді…
Ә дегенде құтырған пәледен сескеніп, жан сауға қылып сескеніп қалған ел, пәленің басып алғанын көріп жанын қорғай бастайды. Құтырған аузын арандай ашқан пәлемен қарсыласады. Шуласады. Тұс-тұсынан балта, шот, айыр, күрек, бақан алып шығады. Құтырған қанды қасқырды қамалайды. Талай жан жараланады. Талайы құрбан да болады. Ақырында, қанды пәлені қамалап жүріп өлтіреді. Мен елге келген қарсаңда, Колчактың қанға кәнігі болып, көзіне қан толып, көрінгенге шауып жатқан кезі екен. Қанға мас болған пәлеге бұқара халық қарсыласа бастаған кезі екен.

Сәкен Сейфуллин

«Тар жол, тайғақ кешу» романынан үзінді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *