Сәлем, сәулем, бір қайғырып, бір күлген
Сәлемімді ал, тірлігімді білдірген.
Ой зарығып, үміт күтіп ертеңді
Тірі де емес, өлі де емес жүрмін мен.
Саған, досым!
Қайсыбірін санаймын,
Өмірді ұрлап өтіп жатыр талай күн.
Сен айтқандай: “Бақыт деген қайда?” — деп,
Туар ай мен шығар күнге қараймын.
Мұқағали Мақатаев