ЖАС АНА

 

(Лыкенге арнаймын)
Ұйқысыз жүдеу жас ана,
Бөбегін отыр тербетіп.
Көзіне тұнық жас ала.
Дейді ол: “Қалқам ер жетіп,

Ұмытпас, сүйіп асырар,
Төгілмес текке ақ сүтім,
Жүректің дерті басылар,
Алдамас күткен үмітім”.

Ол — оның тәтті тұңғышы,
Дүнияға келген жаңа адам.
Ол — оның ерке жыл құсы,
Қолына қонған жаңадан.
Ел ұйқыда, жас ана
Бөбегін баяу тербетер.
Көзіне мұңлы жас ала,
Жүрегінен күй шертер..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *