Сен көрікті едің…
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
Не істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің…
Ақылдысын!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшін.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін.
…Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңнын ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің…
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!