Туған жердің топырағы


Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқынбақ;
көгілдір жанарлы көлдерді аңсағанқұстардың
қиқуларынан қалушы ем мен де зартындап.
Жанарымда бір от жарқылдап…
Ақша бұлттарға мұңдарын шаққанаққуға
сазарған далам, сая болмадың—балқұндақ.
Тарихтың салған тақсіретіндей мүжік таулардан
ақтарылмады айна бұлақтар жалтылдап.
Қасиетті менің, қасіретті менің мекенім!
Атой салғанда ата жауларың сан жақтан,
бабаларымның қаһарына сонда
елең де болмай қарлы ақпан,
кеңдігіңді сақтар, елдігіңді сақтар айқаста
төсіңді тұлпар тұяқтарымен шаңдатқан.
Еркіндігің үшін егеулі найза алған ұлдарың
таңдайларына талықсығанда қан қатқан.
Сонан соң… сонан түнектердің түні қақырап,
ақ армандардың үміті болған таң да атқан.
Маңқыстау!
Мұңды мекені “тағылар” атанған “адайдың”,
Мен бүгін саған жанарым жайнап қараймын:
арпалысып өлген бабамның армандарындай
көгінде күлген шапағатты шуақ арай Күн.
Ақ шаңқан мынау мұнарлардан лаулаған сансыз алаулар,
көкірегіндегі бұрқанып жатқан тағы айдын…
Зәулім көктермен жарысып тұрған сәнді үйлер
қиялына да кірмеген еді-ау талайдың.
Жасампаз дәуірдің қаһарманына басыңды игенде,
көңіліңнен сенің тарқамасын да-ау қалай мұң!
Заводтар менен комбинаттарды самсатып,
үстіреттеріңе бұрғыларды әлі қадаймын.
Көзімді салсам дәл бүгін
осынау байтақ көгілдір дария мекенге,
қанат біткендей шарықтап шырқап кетем мен,
Қазақтың байтақ даласын
“достықтың алтын ордасы бұл”,-деп
айтпаған екен бекерге.
Сені көрмесем, осы шындыққа
ешқашан көзім жетер ме!
О, жомарт менің мекенім,
сонау бір сұрғылт қатыгез дала — шатқалдан
көл-көсір байлық ақтарған!
ұлдарың көзін ілмейді сенің қамыңмен,
олардың отты көкірегі тұнған тәтті арман!
Көрем мен сенің аласармас асқақ тұлғаңды
қиялда жүрген сәулетті болашақтардан!
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *