Солғандай гүл де мүлде

Солғандай гүл де мүлде,
кеудеме толып бір мұң,
құлазып жүргенімде,
өзінді жолықтырдым.
Қиялдай сағымдағы
сыртыңнан қарайладым.
Сездім мен жанымда әлі
атпаған арай барын.
Асықтым әр таңға мен
жүзіңді көрем бе деп.
Бұл қайғым тарқар демен
өмірде сенен бөлек.
Тіл қатсаң жігіттерге,
қызғандым аласұрып.
Күңкілшіл күдіктен бе —
сенделдім дара шығып.
Жаныма жай таппадым
сенделген кезде мынау.
Бір сезім шайқалтқанын
Менісен сезбедің-ау…
Әйтеуір, байқатпадың.
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *