Мұқтаждық
немесе жетімнің монологы
«Александрия базары дуылдап түр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағықуырған құс етіне тарамыс қолдарын соза беріп еді, анау бірден байқап, жиіркенішпенитеріп жіберді. Мен құлап жатқан баланың көзінен мынаны оқыдым:
Адамдар, қаталсыңдар,
(қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар!)
Жалғыздықтан зарығып ашынғанда мен
сендерді асылдар деп ем,
сипайды-ау шашымнан дегем.
Жоқ! Тас екен жүректерің де,
шыншылдық деген жоқ екен тілектеріңде,
өздерің оны көлгірсіп жасырғанменен!
Мейірімге сараңсыңдар
(түбі содан жазым да табарсыңдар!)
Бір жылы көзкарастарыңа зарыққанымда —
соның өзі-ақ бакыт қой қамыққан ұлға —
найзағайдай атқылап жанарларың да,
біржола сөніп ұмітім балаң жанымда,
жыртқыштар қамап алғандай тарықпадым ба?!
Әділеттен жұрдайсыңдар
(тақсіретін тартпай бір тынбайсыңдар!)
Жала тартып сендерге жүгіндім барып,
тас мүсіндеріңнен түңілдім налып,
тағдырым менің титтей де елеңдетпеді,
бей-жайлықтарың қорқытты керең беттегі.
Мен емес, сендер екенсің бүгінгі ғаріп!
Адалдыққа тапшысындар
(әрине, данышпансығанда жақсысыңдар!)
өзгенің қасіреттеріне
қарайсыңдар қалайша есінеп мүлде?
Біреулердің көзінен жасы кеппеді ме —
бәрі бір екен сендердің көн-терілеріңе.
Бұл күнде ұғындық бәрін.
О, адамдар, сендердің зұлымдықтарың
шыдатпай өртеді мені де.
Не деген пасық едіңдер
(шуақсыз қурайды емес пе жасыл егіндер?!)
мейірім аңсап жүрегім қансырап тұрған,
зұлымдықтарыңмен қамшылап тыңнан
жанымда үміт, сенімдер түгесілгенде,
лақтырып тастап кеттіңдер күресін жерге.
Сендерден байлық сұраман өліп кетсем де,
алтындарыңды алмаймын төгіп кетсең де —
мейірімге ғана мұктажбын.
Білесіңдер ме?
Фариза Оңғарсынова