Менің екі жауым


Менің екі жауым бар:
мәңгілік достаспайтын,
қимастықпен жыласып қоштаспайтын,
кіріп келсе, жанарым мұң оранған
қуаныштан жарқ етіп от шашпайтын.
ол — адамдар шындыққа жүгінбейтін,
көлгірсіп күлімдейтін;
өзі істеген жауыздық, зұлымдықтан
қайғы шегіп ішінен түңілмейтін.
Екіншісі — досымды жамандаған,
өсектерін өрбітіп сан арнадан
жүретіндер — қас жауым. Соларға мен
қаным талай қайнаған, алаңдағам.
өтірік пен жала көп аяқ бассаң,
ал жақсылық жағына сараң ғалам.
Білем, ғұмыр мәңгі емес, қысқа мүлдем…
кешірмеген, жауласқан тұстарым кем…
Бірақ маған тіл табу мүмкін емес
осы екі дұшпаныммен.
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *