Адамның саналы түрде талпынып, өз өмірін
көркейтетін қабілетінен артық көңіл
марқайтатын ештеңе жоқ.
Генри Дэвид Торо
Осы кітапты оқи отырып, өзіңізге басқа көзбен қарауға тырысыңыз. Ойша бөлменің төргі бұрышына қарай өтіп, үстел басында кітап оқығаныңызды елестетіңіз. Өзіңізге басқа адамның көзімен қарай аласыз ба? Ал енді былай істеңіз. Дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін ойлаңыз. Анықтай аласыз ба? Не сезіндіңіз? Эмоциялық күйіңізді қалай сипаттар едіңіз? Енді ойлау қабілетіңіз қандай екенін бағамдап көріңіз. Жылдам ба, ұшқыр ма? Осы менталдық жаттығуды жасау үстінде оның мәнін түсінемін деп ойыңыз сан-саққа жүгірмеді ме? Сіз қазір тек адам баласы жасай алатын дүниені жасадыңыз. Жануарларда мүндай қабілет жоқ. Біз мүны «сана» деп атаймыз. Немесе өзіңнің ойлау процесіңді сараптау қабілеті. Сол себепті адам баласы — жер-жаһанның иесі, ұрпақтан үрпаққа жалғасып дамып келеді. Осы қабілет арқылы біз тек өз тәжірибемізбен шектелмей, өзгенің қателеріне қарап үйрене аламыз. Осы қабілеттің арқасында адамдар қажет дағдыны меңгереді, қажетсізінен бас тартады. Біз сезім емеспіз. Біз көңіл күй емеспіз. Тіпті миымыздағы ой да емеспіз. Осындай заттарды ойлай алуымыздың өзі бізді олардан да, жануарлар дүниесінен де бөлектеп тұрады. Өзімізді ұғыну сол тұлғалық санамыз қандай екенін, парадигмамызды, тиімділіктің анағұрлым іргелі парадигмасы қалай екенін бағалауға ынталандырады. Сана біздің бекітілген ұстанымдарымыз бен мінезқұлқымызға ғана емес, өзгені қалай қабылдайтынымызға да эсер етеді. Ол адам болмысын түсінуге жетелейтін жолнұсқаушы картамызға айналады. Өзімізді (өзгелерді) тануымызды ескермей, өзгелердің өзін және қоршаған әлемді қалай көріп, қалай қабылдайтынын түсіне алмаймыз. Содан олардың мінез-құлқынан ниет-пиғылымызды ғана көріп, объективтігімізге соншалықты сенімді болатынымызды байқамаймыз. Бұл әлеуетімізді, өзгелермен қарым-қатынас жасау қабілетімізді қатты шектейді.’ Алайда адамның ерекше қабілетінің, өзін-өзі үғынуының арқасында біз өз парадигмамызды бағалай аламыз: олардың шындық пен принциптерге негізделгенін, әлде шарттылықтар мен шарттардың салдары екенін түсінуге тырысамыз.
Стивен Кови