Қосылған сағынысып жүректерде тыншу жоқ алып-ұшып

Қосылған сағынысып
жүректерде тыншу жоқ алып-ұшып.
Дүниенің бәрі ұмыт. Елжіреуден
денелер жанып, ысып.
Көңілдер алабұртып,
рахаттың жаңбырын жанар іркіп…
Тек осылай сүйе алады бұл өмірде
қос жүрек адал, ынтық.
Түндерде көз ілеспей,
ынтық болып құмарлық сөзіне іштей.
Бұл сәттерді ешкім де ұға алмайды
басынан өзі кешпей.
Жердегі пасық біткен
ақ сезімге жанарын жасып тіккен.
Жұмақ болып кеткен бұл өмірге олар
қарайды ғашықтықпен.
Түндерде қысқа мына
ыза, мұңның жүректен ұшқанына
таңданады екеуі, кеткендей ме
дос болып дұшпаны да.
Айналып бар алапты
бақыт мынау қақпаны жаңа қақты.
Соғыс деген бір сөзден жылы төсек
мұз болып бара жатты.
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *