Кларнет


«Қарайды гүлдер үлбіреп
майысып майда дірілден,
сағыныш әнін жыр-жүрек
төгеді мөлдір бір үнмен.
Сұлулық үшін жаралған
табиғатта да мұң бардай,
көзінен ұшып бал арман
пәктігін аңсап тұрғандай.
Сұлулық — жүрек, жанымда,
табиғат берген азық қып,
орайтын өртеп жалынға
жанымның көркі — нәзіктік.
Бұрқағы жиі заманда,
сезінбес Күннің ыстығын,
шашайын салқын ғаламға
жүректің сәуле-ұшқынын.
Қалдырғай (сонда мұңым кем)
табиғат-ана – құндағым
жүректен ескен үнім мен
жанымның нәзік нұрларын!..
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *