ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ МЕН АМАЛДАРЫ

 

Кез келген дүрыс принциптің ең бағалы қасиеттерінің бірі — оның әртүрлі жағдайға қолданылуы. Бұл кітапта кейбір принциптердің тек жеке адамға ғана емес, тұтас ұйымдарға, оның ішінде отбасыларға қолданудың жолдары туралы бөліскім келеді. Егер адамдар үйымның физикалық ресурсын түтына жүріп Н/РА теңгерімін бұзса, онда сол әрекетімен ұйымның тиімділігін төмендетеді. Әсірелеп айтсақ, өзінен кейін шалажансар қаз қалдырып кетеді. Физикалық ресурсқа, мәселен, станокқа жауапты адам бастығына жағынғысы келді делік. Өйткені ол жұмыс істейтін компания тез дамып келеді. Қызметкерлердің лауазымы тез жоғарылайды. Әлгі адам содан дәмеленіп, жанын салып жұмыс істейді: дамыл жоқ, станокты жөндеуге де үзіліс жасамайды. Күн-түн демей жұмыс істей береді, істей береді. Өнімділік күрт артты. Шығын азайды. Табыс деген ғарыштық жылдамдықпен өсті. Аз ғана уақытта жұмыскердің лауазымы жоғарылады. «Алтын жұмыртқаға» қол жетті! Енді оның станогына сіз келдіңіз. Еншіңізге ауру қаз — әбден тозып, жержерден ақауы шыға беретін станок тиді. Сіз оны жөндеуге көп қаржы мен
уақыт жұмсайсыз. Шығыныңыз «ғарыш жьілдамдығымен» өсіп келеді. Табыс азайды. «Алтын жүмыртқаның» жоғалғанына кімді айыптауы мүмкін? Әрине сізді. Сіздің алдыңыздағы адам станокты бүлдіріп кетті. Бірақ бухгалтерлік жүйе тек өндірілген өнім, шығын мен табыс туралы ақпаратты ғана көреді.  Әсіресе ұйымның адами ресурсы — клиенттер мен қызметкерлерге қатысты Н/РА теңгерімін үстау аса маңызды. Моллюскадан жасалатын керемет сорпасымен аты шыққан бір мейрамхананы білетін едім. Түс әлетінде адам үзілмейтін. Кейін мейрамхананы сатып жіберді. Ал жаңа қожайыны «алтын жұмыртқа» табумен айналысты. Сорпаның суын көбейтіп жіберді. Алғашқы айларда қаржы айналымын сақтай отырып, шығынды азайту әжептәуір табыс әкелгені рас. Алайда көп ұзамай кісі қарасы сирей берді. Сенімге селкеу түсті. Кәсібі тұралап қалды. Жаңа қожайын жағдайды түзегісі кеп жанталасты. Бірақ клиенттерге деген немқүрайлы ниеті сенімнен айырды, соның кесірінен ең маңызды ресурс тұрақты тұтынушыларынан көз жазып қалды. Былайша айтқанда, «алтын жұмыртқа» тапқан қазды өлтіріп тынды.
Клиентке ілтипатпен қарау туралы көп айтқанмен, олармен қарым-қатынасқа түсетін жандарға — өз қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмейтін ұйымдар бар. РА принципі былай дейді: «Қызметкер клиентке ілтипат білдірсін десеңіз, сол ілтипатты қызметкерге көрсетіңіз». Адамның қолын сатып аларсыз, бірақ жанын сатып алу мүмкін емес. Оның жаны — құлшынысы мен адалдығының мекені. Адамның арқасын сатып аларсыз, бірақ ақылын сатып ала алмайсыз. Оның шығармашылығы, шеберлігі мен қиялы ақылында. РА-ны күтіп-баптаудың ішіне өз қызметкерлеріне тұтынушыларына қарағандай ілтипатпен көрсету де кіреді. Себебі қызметкер де сізге өзінің бар жақсысын — жаны мен ақылын өз еркімен береді. Бірде бір топ адаммен отырғанда, олардың біреуі былай деп сүрақ қойды:
— Жалқау әрі жауапсыз қызметкерге қандай шара қолданар едіңіз?
— Оларға граната тастаймын! — деді біреу. Отырғандардың бір бөлігі басқарудың осынау соғыстағыдай ымырасыз
тәсіліне сүйсінгендей, бастарын изеп мақүлдады. «Не жұмыс істе, не көзіңді
құрт». Алайда бір адам оқыстан күтпеген сүрақ қойды:
— Қираған үйіндіні кім жинайды?
— Қандай үйінді? Үйінді жоқ!
— Мейлі, онда неге клиенттеріңе де дәл соны жасамасқа? — деді — Ендеше,
оларға да «Ештеңе алмайтын болсаңдар, дүкеннен тайып тұрыңдар» деп айтыңдар.
— Жоқ, — деді бірінші тіл қатқаны, — түтынушыларға олай айта алмайсың.
— Онда неге қызметкерлеріңе солай істеуге болады деп санайсың?
— Себебі мен оларды жалдаймын.
— Түсінікті. Қызметкерлерің сізге құрметпен қарай ма? Бар ынтасымен
жүмыс істей ме? Кадр түрақсыздығын қалай шештіңіздер?
— Қалжыңдап түрсыз ба? Біздің заманымызда қайдағы жақсы қызметкер. Үнемі жұмыстан шығып кетеді, әлде келмей қалады, екі жұмысты қатар
алып жүремін дейді. Оларды ештеңе қызықтырмайды.
«Алтын жүмыртқа» табуды ғана көздеген мүндай парадигма, мүндай тәсіл
адамның жаны мен ақылынан пайда болатын жойқын қуаттың жолына бөгет
болады. Әрине, нәтижеге жылдам қол жеткізген жақсы. Бірақ одан да маңызды дүние бар. Тиімділіктің мәні — тепе-теңдікте. Нәтижеге (Н) қарай ауып кету денсаулыққа зақым келтіреді; техниканың бүзылуына, банк есеп-шоттағы ақшаның азаюына, қарым-қатынастың үзілуіне душар етеді. Ресурс пен амалға (РА) шектен тыс зейін қою күніне үш-төрт сағатын жүгіруге арнап, жүгіру арқылы өмірімді он жылға үзартып жатырмын деп дамепенетін, шын мәнінде, сонша уақытты жүгіріске сарп етіп жатқаны миына кіріп те шықпайтын мақтаншақ, есерді еске түсіреді. Немесе күн сайын оқудан бас алмайтын, бірақ өзі ештеңе өндірместен өзгелердің «алтын жүмыртқасына» ортақтасып күнелтетін адамды «мәңгілік студент» синдромына шалдыққан деуге болады. Н/РА теңгерімін сақтап тұру үшін, «алтын жұмыртқа» (нәтиже) мен қаздың денсаулығы және амандығы (ресурс пен амал) арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек. Бүл оңай емес. Бірақ, меніңше, тиімділіктің басты мәні — осы. Ол қысқа мерзімді және ұзақмерзімді амалдар арасындағы — жақсы білім алуға талпыныс пен оқу ақысын төлеудің қажеттігі; бөлменің тап-тұйнақтай болып жиналып тұрғанын қалау мен балаң айтқаныңды ешқандай мәжбүрлеусіз, өзіақ орындайтындай қарым-қатынас орнату теңгерімін қамтасыз етеді. Осы принципті өз өміріңізден байқасаңыз болады. Көбірек «алтын жұмыртқаны» іздеп тапсам екен деп, шырағыңыздың екі жағын да жағасыз. Артынша бірден ауырып, әліңіз құрып, ештеңеге жарамай қаласыз. Немесе, керісінше, жақсы ұйықтасаңыз, азаннан қара кешке дейін жұмыс істеуге дайын түрасыз. Біреуге өз пікіріңізді далелдеймін деп қызылкеңірдек болып, кенет әлгі адаммен араңыз қаңырап бос қалғандай сезінгенде, осы принциптің дұрыстығына көзіңіз жете түседі. Ал өз уақытыңызды тұрақты қарым-қатынасқа арнағанда, біраздан соң сол адаммен жүмыс істеу, араласу, өзара байланысудың сапасы жаңа жоғары деңгейге көтерілгенін байқайсыз. Н/РА теңгерімі — тиімділіктің кілті. Бұл ереже өмірдің кез келген саласына жүреді. Біз бүл ережені сақтасақ та, сақтамасақ та, әйтеуір ол бар. Шамшырақ секілді. Н/РА теңгерімі — тиімділіктің анықтамасы. Осы кітапта баяндалатын жеті дағдының негізінде парадигма жатыр.

Стивен Кови

#Жасампазжандардыңжетідағдысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *