ТИІМДІЛІКТІҢ АНЫҚТАМАСЫ

 

Жеті дағды — тиімділік дағдылары. Олардың негізінде белгілі бір принциптер жатқандықтан, ықтимал ұзақмерзімді нәтижелердің ең жақсысына жеткізеді. Олар мінездің іргетасына айналады, солардың көмегімен адам кез келген түйткілді тиімді шешіп үйренеді, өз мүмкіндігін кеңейтеді, оған қоса, өзі ашқан жаңа принциптерді өсім спираліне кірістіре алады. Тиімділік дағдысының тағы бір сыры табиғат заңдылықтарымен түтасқан тиімділік парадигмаларына негізделуінде. Мен бұл принципті «Н/РА теңгерімі» деп атаймын. Аталған принциптердің қатаңдығы сондай, көп адамдарға ол ақылға сыйымсыз көрінеді. Бірақ Эзоптың «Қаз бен алтын жұмыртқа» туралы мысалын еске түсірсек, бұл принципті түсіну оңай. Бұл мысалда кедей шаруаның асыранды қазы күндердің күні көздің жауын алардай, жалтыраған жүмыртқа туады. Әуелі «біреудің қылжағы болар» деп
жұмыртқаны тастай салмақшы болады да, оны зергерге көрсетеді. Жүмыртқаның саф алтыннан екенін білгенде, шаруа өз көзіне өзі сенбейді. Келесі күні қазы тағы «алтын жүмыртқа» туады. Шаруа бақыттан басы айналады. Сөйтіп, күн сайын көзін тырнап аша сала, қаздың алтын жүмыртқасын алуға асығатын болды. Шаруа әбден байыды. Бәрі ғажап түс сияқты. Алайда байлықпен бірге төзімсіздік пен ашкөздік лайда болады. Шаруа алтын жұмыртқаны алу үшін, келесі күнді күте алмай тағаты таусыла бастады. Ол қазды өлтіріп, ішіндегі алтын жүмыртқаларды бірден алмақшы болды. Қаздың ішін жарып қараса, дым жоқ. Сөйтіп, шаруа қаздан бір айырылды, күн сайын алтын жүмыртқа алу мүмкіндігінен екі айырылды. Алтын жұмыртқа табатын қазды өз қолымен өлтірді. Бұл мысалдың өзегінде тиімділіктің негізгі мәні, табиғи заңдылық жатыр. Көп адам тиімділікті тек нәтиже, яғни «алтын жүмыртқа» деп біледі: неғүрлым көп өндірсе, соғұрлым көп жасайсың, тиімділік те соғүрлым арта түседі деп жансақ ойлайды. Алайда мысалдан байқағанымыздай, шынайы тиімділікке екі элементтің — ақырғы нәтиже (алтын жүмыртқа) мен соны алуға кеткен ресурс пен амал (қаздың) арқасында қол жететінін көрсетеді. Егер тек «алтын жұмыртқаға» басымдық беріп, қазды елемесеңіз, көп үзамай «алтын жүмыртқа» туып беретін ресурстан айырыласыз. Екінші жағынан, тек қаздың қамын ойлап, «алтын жүмыртқаны» ұмытсаңыз, біраз уақыттан соң қазға да, өзіңізге де тамақ таппай қаласыз. Тиімділік тепе-теңдікті сақтауға келіп тіреледі. Мен оны «Н/РА теңгерімі» деп атадым, Мұндағы Н — нәтиже, яғни «алтын жұмыртқа», РА — сол «алтын
жұмыртқаға» қол жеткізуге мүмкіндік беретін ресурс пен амал.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *