ҮЗДІКСІЗ КЕМЕЛДЕНУ

 

Жеті дағды әрқайсысы өз алдына жеке-дара психологиялық тәсілдер мен формулалардың жиынтығы емес. Бүл әдістеме дамудың табиғи заңдылықтарымен үйлесе отырып, жеке және тұлғааралық тиімділікті дамытудың сатылы әрі жоғары деңгейде біріккен тәсілін ұсынады. Ол бізге естілік осінің бойымен тэуелділіктен тәуелсіздікке және өзара тәуелділікке жылжуға көмектеседі. Әр адам өмірінің сәби шағында айналасындағы адамдарға тәуелді. Жақындарымыз бізді басқарады, тәрбиелейді, қамқор болады. Қамқорлық кемшін болса, біз бірнеше сағат әрі кетсе, бірнеше күн ғана өмір сүруіміз мүмкін. Содан айлар ауысып, жылдар жылжиды. Біз уақыт өткен сайын, физикалық, интеллектуалдық, эмоциялық, қаржылық түрғыдан еркін, тәуелсіз бола түсеміз. Бір күні өз қолымыз өз аузымызға жетіп, өзімізге ғана сенетін, әр әрекетіміз үшін жауап беретін сәт туады. Есейіп, естияр қалыпқа түсе бастаған соң, өмірде бәрі өзара тәуелді екенін
терең пайымдай бастаймыз. Табиғат пен адамзат қоғамын басқарып тұрған әлдебір экологиялық жүйе барын білеміз. Сосын адамның саяқ жүріп, еш жетістікке жете алмасын, сондықтан адамдарға өзара қарым-қатынасқа түсудің маңызды екенін түсінеміз. Сәбиден ересек адамға айналу табиғат заңдылығына сай. Есею жылдарының көптеген өлшемі бар. Кей адамның физиологиялық жағы эмоциялық
және ақыл-есімен бір уақытта жетілмейді. Екінші жағынан, физикалық тұрғыдан тәуелді адам эмоциялық және ақыл-есі жағынан жеткілікті жетілмеуі мүмкін. Тәуелділік «Сен» парадигмасынан көрінеді: сен маған қамқорлық танытасың; сен мен үшін жетістікке жетесің; сен жасай алмадың; сәтсіздіктерім үшін сені айыптаймын.
Тәуелсіздік «Меи» парадигмасынан көрінеді: мен мүны жасай аламын; мен жауаптымын; мен өзіме ғана сенемін; мен таңдай аламын. Өзара тәуелділік «Біз» парадигмасынан көрінеді: біз мүны жасай аламыз; біз өзара араласа аламыз,• біз қабілетіміз бен мүмкіндіктеріміздің арқасында бірлесе маңызды дүние жасай аламыз. Тәуелді адамдар қалағанына жету үшін басқа жандардың көмегіне мұқтаж. Тәуелсіз адамдар қажеттілігіне өз күшімен жетеді. Өзара тәуелді адамдар өзгелермен неғүрлым күш біріктіріп, тізе қоса отырып тіршілік етсе, соғұрлым зор нәтижеге үмтылады.
Физиологиялық түрғыда тәуелді болсам — сал немесе кемтар болсам, көмегіңе мұқтажбын. Егер эмоциялық жағынан тәуедді болсам, менің өз қадірқасиетімді сезіну мен өзіме сенімім сенің пікіріңе байлаулы болып тұрады. Мен саған ұнамасам, іштей налимын. Интеллектуалдық түрғыда тәуелді болсам, сен мен үшін ойланып, басымдағы барлық қиындығымның шешімін өзің табатыныңа сенемін. Физиологиялық жағынан тэуелсіз болсам, мен бәрін өзім істей аламын. Интеллектуалдық жағынан тәуелсіз болсам, ез бетіммен ойланып, абстрактен ойлаудыңәртүрлі деңгейін еркін қамтимын. Шығармашыл адам ретінде қиял самғатып, сараптама жасап, ойымды қорытып, дүрыс жеткізе аламын.
Эмоциялық тұрғыда тәуелсіз болсам, онда менің бүкіл шешімім мен әрекетім ішкі сенімімнен шығады. Өз әрекетіме өзім жауап беремін. Өз қадір-қасиетімді сезінуім айналамдағылардың маған жақсы не жаман қарайтынына, олардың маған деген ілтипатына қарамайды.
Тәуелсіздік тәуелді болудан гөрі анағүрлым естілікті талап етегінін байқау қиын емес. Тәуелсіздік — өзімізге өзіміз жасап бере алар ең маңызды жетістік. Алайда тәуелсіздік кемелдіктің шыңы емес.
Десек те қазіргі әлеуметгік парадигма тәуелсіздікті тұғырға шығарды.
Тәуелсіз болу көптеген қоғамдық қозғалыс пен жекелеген адамдардың көздеген мақсатына айналды. Өзіңді жетілдіруге арналған кітаптардың басым бөлігінде жеке-дара болуды адамның жетілуіндегі ең биік белес деп түсіндіреді,есесіне, коммуникацияға, командалық жұмысқа және өзара әрекеттестіккесоншалықты көңіл бөлінбейді. Бүгінгі таңдағы жұрттың жаппай тәуелсіздікке ұмтылуы — тәуелділікке тікелей реакция, яғни бізді басқарып, өміріміздің бағдарын анықтауға, манипуляция жасап, пайдалануға қарсылық.
«Өзара тәуелділік» тұжырымын дұрыс түсінбегендіктен, бұл сөзді көпшілік тәуелділікпен шатастырады. Адамдардың өзімшілдікке салынып, ажырасып жататыны, баласын тастап кетуі, мойнына әлеуметтік жауапкершілік алудан қашқақтауы — мұның бәрі тәуелсіз болғысы келгендіктен. «Тұсауды шешу», «еркіндікке шығу», «өзін-өзі танытудан» көрінетін адамдардың реакциясы мен өздігінше әрекет етуге тырысудың ар жағында, көбінесе олардың тәуелділіктен арылуға дәрменсіздігі жасырынып жатады. Себебі өзін сыртқы емес, ішкі себептердің салдарынан тәуелді сезінеді. Мысалы, мұндай тәуелділік өзгенің кемшілігі біздің өмірімізге зиянын тигізгенде, немесе басқа адамның, немесе біздің ырқымызға көнбейтін оқиғаның құрбаны болғанымызды сезінгенде білінеді. Әрине, кейде сыртқы жағдайды өзгертуге тура келеді. Бірақ тәуелділік мәселесі тұлғаның кемелденуімен тығыз байланысты, оның сыртқы факторларға қатысы шамалы. Тіпті жайлы өмірі сүрсе де, кемдік пен тәуелділік жиі сақталып қалады. Мінездің шын мәніндегі тәуелсіздігі біздің өз бетімізшеәрекет етуімізге қозғау салады. Еркіндікті сезініп, өзімізге көңіліміз толғаннан айналадағы жағдай мен адамдардан азат болуға ұмтыламыз. Алайда тиімді өмір сүрудің түпкі мақсаты бұл емес. Өзара тәуелділікте өмір сүру үшін тек ойдың еркіндігі аздық етеді. Тәуелсіз адамдар өзара тәуелділікті сезініп, бірге қимылдап, бірге ойлай алатындай деңгейде толыспайды. Олар жеке-дара жақсы жүмыс істеуі мүмкін. Бірақ ешқашан жақсы көшбасшы немесе команда мүшесі бола алмайды. Олар отбасы мен некені бақытты ететін, белгілі бір ұйымның ішінде жетістікке жеткізетін өзара тәуелділік парадигмасына жете мән бермейді.
Өмірдің өзі өзара тәуелділікке құрылған. Тәуелсіздіктің арқасында максимум тиімділікке қол жеткізем деу — теннисті бұған мүлдем икемсіз гольф таяқшасымен ойнағанмен тең. Өзара тәуелділік — анағұрлым терең кемелдіктің белгісі. Өзіме сенімім жоғары әрі еңбекке қабілетті екенімді біле түра, физиологиялық түрғыда біреугетәуелді болсам, жанымды салып, жалғыз жүріп істеген істен гөрі екеулеп әлдеқайда көбірек іс тындыратынымды түсінемін.Эмоциялық жағынан өзара тәуелді болсам, жеке басымның қадір-қасиетінсезінуім өзгені жақсы көруге, сүйікті болуға кедергі келтірмейді.Ал интеллектуалдық тұрғьщан өзара тәуелді болсам, онда санамды дамыту үшін өзгелердің артық қырларын танып-білуім керектігін үғынамын. Өзаратәуелді тұлға болғандықтан, өзім де бойымдағы барымды басқалармен бөлісуге аянбаймын. Сол арқылы өзге адамдардың мүмкіндіктері мен шексіз ресурстарына ортақтасамын.Өзара тәуелділік — тек тәуелсіз адам жасай алатын таңдау. Тәуепді адамда өзара тәуелділікті таңдай алмайды. Мұндай таңдау жасауға қайсар мінез ғана жеткіліксіз; олар өзін-өзі толық игере алмайды. Сондықтан келесі тарауларда жазылған бірінші, екінші және үшінші дағдылар өзіңді қалай басқару керек деген мәселеге арналған. Сол дағдыларды меңгерген тәуелді тұлға тәуелсіз тұлғаға айналады. Бұл дағдылар біздің мінезімізді шыңдайды, «жеке жеңістерімізге» тірек болады. Жеке жеңістер — ортақ жеңіске жеткізетін бір белес. Дән екпей, егін ора алмайсың, сол секілді бұл процесте әрекеттің кезегін алмастыра алмайсың. Бұл — «Іштен сыртқа» процесі. Шын мәнінде, тәуелсіз болған соң, сіз тиімді өзара тәуелділіктің іргетасын қалайсыз. Мінезіңіз шыңдала түскеннің арқасында өзара әрекеттестікте жеңімпаз шығудың тиімді жолдарын жетілдіре бастайсыз. ЬІқпалдастық, коммуникация, командада жұмыс істеумен байланысты мүндай «кішігірім жеңістердің» кілті — төртінші, бесінші және алтыншы дағдыда. Дегенмен бүл төртінші, бесінші және алтыншы дағдыны жетілдіру үшін, алдымен бірінші, екінші және үшінші дағдыны толық меңгеріп алу қажет деген сөз емес. Дағдылардың бірізділігін түсіну жеке түлғалық дамуыңызды тиімді етуге көмектеседі, бірақ мен сізді әбден бірінші, екінші және үшінші дағдыны меңгеріп алмайынша, өміріңізді пәлен жыл жалғыздықта өткізуге үгіттеп түрғаным жоқ.
Жеті дағды парадигмасы Өзара тәуелді әлемнің бір бөлшегі болғандықтан, сіз күн сайын қоршаған ортамен байланыста боласыз. Алайда бұл ортаның өзекті мәселелері біздің мінезімізде жасырынған себеп-салдарын көлегейлеп тастауы мүмкін. Мінезіңіз өзара тәуелділіктіңәр көрінісіне қалай жауап беретінін түсіну сізге күш-жігеріңізді табиғаттың даму заңдылықтарына сай біркелкі жұмсауға септігін тигізеді. Жетінші дағды — адам өмірінің басты төрт негізін рет-ретімен, тепе-теңдікті сақтай отырып жаңарту дағдысы. Ол басқа дағдылардың бәрін өзара қосып, біріктіріп тұрады. Бұл — ұдайы жетілудің дағдысы. Ол жетінші дағды әр дағдыны меңгерген сайын адамды, оны түсіну мен қолданудың жаңа деңгейіне көтеріп отыратын үдемелі өсім спирал ін түзеді. Төмендегі диаграммада жеті дағдының өзара байланысы мен кезектесуі көрсетілген. Біз мұны дағдылар арасындағы реттілік байланысын және олардың синергиясын — өзара байланысқан сайын, бір-біріне бұрынғысынан жаңа, неғұрлым айқын пішім беріп, құндылығын арттыру процесін ашқан сайын, ұдайы қолданамыз. Осы кітапта талқыланатын әр
түжырымдама немесе дағды диаграммамен толықтырылады.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *