«ДАҒДЫНЫҢ» АНЫҚТАМАСЫ

 

Біздің кітаптың мақсатына қайта оралсақ, дағды* — білім, ептілік пен ниет
ету сияқты қасиеттердің бір арнада тоғысуы. Білім — нені, не үшін жасайтыныңды анықтайтын теориялық парадигма. Икемділік қалай жасау керектігін түсіндіреді. Ал ниет — бұл мотивация: яғни жасағым келеді деп қүлшыну. Белгілі бір дағдыны меңгергісі келетін адамға осы үш компонент қажет.Егер мен қызметтестеріме, зайыбыма, балаларыма тек өз пікірімді тықпалап, олардың пікіріне құлақ аспасам, қарым-қатынасым тиімсіз деген сөз.Адамдар арасындағы қарым-қатынас принциптерін меңгермесем, бәлкім, басқаларды тыңдау қажет екенін білмей өтуім мүмкін.Басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату үшін олардың сөзін бөлмей тыңдау қажет екенін білсем де, мүқият, зейін қойып тыңдау қолымнан келеді деп айтпас едім.Алайда тыңдаудың маңызды екенін мойындау және тыңдай білудің өзі аз.Мен қашан тыңдауға зауқым соқпайынша, яғни оған ықылас танытпайынша,білім мен икемділік дағдыға айналмайды. Дағдыға айналдыру үш бағытта катар жұмыс істеуді қажет етеді. Таным/болмыстың өзгеруі — ұласпалы процесс: болмыс танымды өзгертеді, ол өз кезегінде болмысты өзгертеді, солай спираль бойымен өсу жалғаса береді. Білім, икем пен ниетті жетілдіріп, көп жылдан бері қауіпсіздік белдеуін-* h a b it сөзін дағды деп аударып отырмыз, себебі әдет сөзі кітаптың идеясын толық ашаалмайды деп есептейміз. Әдетке келгенде, адам пассив болуы мүмкін, ал дағды адамныңбелсенді қатысуын талап етеді Игерілген принциптер мен мінез-құлық моделі дей болған ескі парадигмаларды үзгенде ғана жеке бастың және түлғааралық тиімділіктің жаңа өрісіне шыға аламын. Кейде бұл процесс өте ауыр жүреді. Мүндай өзгеріс ұлы мақсатқа қүлшындыруға тиіс, қазіргі таңда үмтылып отырған дүниені ұзақ уақыт бойы уыста ұстауға дайын болуыңыз керек. Осы процесс бақытты болуға — «өмір сүрудің мақсаты мен мазмұнын» айқындауға жетелейді. Бақыт дегенге белгілі бір деңгейде қалауыңның нәтижесі және қазіргі ұмтылғаныңды, ең ақырында, жететін мақсаттың жолында құрбан ету деп анықтама берсек болады.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *