ЖЕТІ ДАҒДЫ ТУР АЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

Біздің болмысымыз қайталана беретін әрекеттерімізден анық көрінеді. Бұдан шығатын пайым: кемелдік — әрекет емес, әдет қана.
Аристотель


Мінезіміздің түп негізінде әдеттеріміз жатыр. «Ой ексең — әрекет орасың, әрекет ексең — әдет орасың, әдет ексең — мінез табасың, мінез ексең -тағдырыңды табасың» дейтін нақыл сөз бар.Әдет — өміріміздің маңызды факторы. Әдет мінез-құлқымыздың тұрақты түрде әрі бейсана жасалатын шаблоны сияқты, ол күн сайын біздің мінезімізді айқындап, тиімділігімізді немесе тиімді емес екенімізді көрсетіп отырады. Ұлы ағартушы Хорейс Манн* былай деген екен: «Әдет арқан сияқты. Күн сайын ширатып, өре береміз, өре береміз, біркуні ешқашан үзілместей болады». Өз басым бүл сөздің соңғы жағымен келіспеймін. Арқанды үзуге болады. Сол сияқты әдетті жұқтырасың, бірақ одан арылуға да болады. Әдеттен тез құтылу мүмкін емес екенін білемін. Бұл — өз-өзіне қатаң талап қоюды қажет ететін, өте созылмалы процесс. «Аполлон-11» ұшуын бақылағандар алғаш рет Айға қонып, кейін Жерге оралған адамдарды көріп таңғалған.
Сол күндердегі жаңалыққа еліткен көңіл ауанын «фантастикалық» және «мүмкін емес» деген таңғалыс сөздер толық жеткізе алмады. Айға жету үшін ғарышкерлерге жердің тартылыс күшін еңсеруге тура келді. Ғарышқа  Манн Хорейс (1796-1859) — ағарту ісі бойынша америкалық реформатор. сапардың алғашқы бірнеше минутына, алғашқы бірнеше миліне одан кейінгі жарты миллион мильге созылған жолға кеткеннен әлдеқайда көп күш-қуат жұмсалды.
Сол секілді әдеттің де тартылыс күші орасан, сіз ойлағаннан әлдеқайда зор. Адамның тиімділігін арттыратын, негізгі принциптеріне қайшы келетін кейінге қалдыру, төзімсіздік, міншілдік, өзімиіілдік сияқты, теріс әдет-қылықтармен күресу үшін, өмірімізді өзгерту үшін жай ғана ерік-жігер аздық етеді. «Қараүзу» үшін көп күш қажет. Тартылыс күшін жеңгенде ғана еркіндігіміз жаңа өріске шығады. Табиғаттың кез келген тылсым күші тәрізді, гравитация да адамның пайдасына, не оған қарсы әрекет етуі мүмкін. Біздің кейбір әдеттеріміздің «тартылыс күші» таңдаған бағытта қозғалуымызға кедергі келтіреді. Десек те дәл гравитация күші біздіңәлемнің түпнегізі болып табылады: ол ғаламшарларды өз орбитасынан шашау шығармай, ғаламдағы тепе-теңдікті сақтайды. Гравитация — ұлы күш. Оны дұрыс пайдалансақ, әдеттерімізді өмірдің тәртібі мен үйлесіміне бағындырып, сол арқылы тиімділікке қол жеткізе аламыз.
Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *