«- Үйрене алар емеспін далаңа сенің:
отты жел, құмайт, елес-Күн – дара кешерім.
Ат міне шауып қорғаған бабаң елім деп
сол қалпы әлі сор, далаң…
ана-жерім деп,
жер бетіндегі жұмаққа балап едің кеп…
Балғын жаныма керек те сенім,
шақырмас онсыз қиял ғаламдар,
қиял ғаламдар – желөкпе сезім,
сезім болмаса ұямнан алар;
мақсаты тұл боп қиянда қалар
арман алдында ұяңдағандар;
батырлы даламен өзектес едім,
өзегін өзгеге қияр ма жанар –
азаматы боп көгертпес елін
Отанын, жерін сүйе алмағандар.
Бабамнан қалған далам, шағылым,
сендейге, мүмкүн, қарар гүл атпай.
Мен үшін – жояр жаңартса құның,
тек сол қалпымен маған жұмақтай!
Фариза Оңғарсынова