Бақыттының монологы


Бақыттының монологы
немесе ақымақтарға айтылған ақыл
Тирпулдағы (Ауғанстан) мұнай өндірісі орталығының бөлім меңгерушісі Аманулла Әлимен әңгімелескеннен кейін туған ой.
«Бұл жұртқа не жетпейді:
күйгелектеп көр-жерге безектейді,
денің сауда — шайқап төк, үріп-ішіп,
ақымақтар жатса да қырылысып
бір-біріне мылтығын кезеп мейлі.
Кейбіреулер мән-жайды сұрамастан
біреу үшін күйінген, кінәласқан;
өз басының тірлігі жырақ қалып,
қайғысына біреудің жылап-талып,
дәл өзіне түскендей құлап аспан.
Түк пайдасыз көңілмен нұрдан аппақ
әпенделер жүредіқұр далақтап:
жат қуанса — жүрегі жұлынардай
шаттанарын қайтерсің дымы қалмай,
өзі бақыт құшқандай ыржалақтап!
өзіңдегі байлық пен бақты біліп
жүрмейсің бе, кетсін бар жат түңіліп!
Не жыным бар жаныма азап алып,
қайдағы бір жүрт үшін мазаланып,
кетсе-дағы қара Жерқақ тілініп.
Акымақтар ел десіп, заман десіп,
аһ ұрады,қайғырып, залал кешіп.
Қайтіп есті жан дерсің мұнытегі,
құр ойлармен аз миды шірітеді,
сондаөзіне келердей адал несіп.
Быж-тыж болып өткізген нұрлы күнін
ақымақтық екенінтірлігінің
айтар ем-ау. Не пайда ол ұғынғанда,
өз басыма сор тілеп жыным бар ма?!
Ақылды ете аласың кімді бүгін…
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *