Біз екеуіміз біргеміз

«Біз екеуіміз біргеміз.
Бақыттылықтан жанарымда менің қалды ғой күміс шық тұнып.
Дүние деген тып-тымық!
өліп-өшкен бар болмысыңменен сен отырасың тілқатпай,
жанарыңмен ғана ұқтырып
(адамдар бүгін бірінен бірі алшақтап кеткензаманда
ұғысу деген — мықтылық!)
өмір бізді айырсын —
бұған да тіпті қайғыдан өксіп өкінбен,
түндерде мейлі арпалысайын жанымда жанған отыммен,
мейлің сен тіпті басқа жанменен мен жоқта
оңаша қалып отыр ма ең —
бәрібір мені ұмыта алмайсың. Мен сенімен біргемін
ұғысқан алғаш со күннен.
Менің аусарлау ақылдым!
Қақтығысы мол жер үстін басып жанымда өзің жүргелі,
қажыта алмайды мұң мені.
Мен жиіркенемін кейбіреулерден.
Сүю дейтіні олардың—-
төсекте жатқан түндері.
Бұл дүниенің қасіреті менше — ұғыса алмайтынжандардың
түсініскен боп жүргені.
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *