Әйелге деген махаббат


«Түндерде жалын боп өткен
біреуді жаным деп өбкен
сенің гүл еріндеріңнен
әйтеуір жерінбедім мен.
Жұттым да көзде жасыңнан,
төсіңнен өзгеге ашылған
басымды ала алмадым мен,
(қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!)
Көлдегі сағым көрікпен
жанарды жанымды еріткен
құштым мен ашқарақ күймен,
(білемін — басқа да сүйген.)
Ең алғаш құшқаным да — өзің,
балқытқан күш жалын да — өзің,
ең алғаш сүю дегенді
үйреткен ұстазым да өзің.
Жанымнан мұңым кеткелі
сен болдың күнім көктегі.
…Қайғым тек — осының бәрі
б асыңнан бұрын да өткені…
Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *