ІІ
Сан заман өткен,
қазақтың
таптатып жатқа мекенін, қор қылып елін
сол түнек заман, менің де сор күнім едің.
Қасірет шеккен кең дала тыныстап бүгін,
ұмытып жатыр талайға жортуыл демін.
Қасиетіңді тек жоғалтпа, ақпейіл далам,
шүкірсің бүгін—төсің бай, қолтығың егін.
Мойнымда менің көп әлі
алдыңда сенің
өтей алмаған борышым, олқы күндерім.
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа —
көз нұрың, болашағың да сол,түбінде, елім!
…Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан-—
бар үміт сенде
о, асау толқыным менің!…
1971″
Фариза Оңғарсынова