ІШТЕН СЫРТҚА

Ньютон физикасы механиканың парадигмасы болды және бүгінге дейін за-манауи инженерияның негізі ретінде қарастырылады. Бірақ ол о баста тол-ыққанды теория болған жоқ.Әртүрлі қубылыстарды түсіндіру мен болжау-дың көкжиегін кеңейткен Эйнштейннің салыстырмалылық теория парадиг-масы ғылым саласында шынайы революция жасады.
Бактериология пайда болғанға дейін, көп әйел туьггтан, ал нәрестелер туа салып қайтыс болатын. Себебін ешкім білмеді. Сотые кезінде ауыр жарақаттан гөрі болмашы жарадан немесе ауру салдарынан көз жұмған адамдар өте көп болды.Ал бактериологияның пайда болуы адам организмін терең түсінуге мүмкіндік тудырған жаңа парадигма ретінде медицинаның қарқынды дамуына жол ашты.
Қазіргі Америка Құрама Штаттары — парадигма өзгерісінің жемісі. Ғасырлар бойы биліктің дәстүрлі түрі, корольдардың құдайшыл билігіне негізделген
монархия салтанат құрып келген. Сосын халықтық басқару, халық жүзеге асыратын басқаруды алға тартқан жаңа парадигма дараланып шықты. Осылайша конституционалдық демократия туды. Бұл жайт адамдардың булыққан күшжігері мен талантын тасадан шығарып, жаңа, бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған тұрмыс деңгейіне, еркіндік пен азаттыққа жол салды. Парадигма ауытқуының бәрі бірдей оң бағытта бола бермейді. Өзіміз куә болғандай, мінез этикасынан тұлға этикасына ойысу адамды шынайы жетістік пен бақыттың түп-тамырынан ажыратып жібереді. Алайда па-радигманың ауытқуы адамды жақсы не жаман жаққа қарай бағыттаса да, бір сәтте не біртіндеп эсер етсе де, бұл қозғалыс бізді бір дүниетанымнан екіншісіне алмастырады. Осы ауытқу маңызды өзгерістерді туындатады. Біздің парадигмамыз, мейлі ол дұрыс я бұрыс болсын, өзіміздің белгілі
ұстанымдарымыз бен мінез-құлқымыздың, түптеп келгенде, өзгелермен қарым-қатынасымыздың қайнар көзі.
Жексенбінің таңында Нью-Йорк метросында келе жатып, бастан кешірген
шағын парадигма ауытқуы әлі естен кетпейді. Жолаушылар өз орындарына
жайғасқан: біреу газет оқып отыр, біреу өз ойымен арпалысып, бірі көз шырымын алып… Айнала мүлгіген тыныштық. Осы сәтте вагонга балаларын ертіп ер кісі кірді. Балалары айғайлап, асыр салганы сонша — вагондағы ахуал
өзгеріп салды. Ер адам жаньімдағы орындыққа сылқ ете түсті де, айналадағы
жағдайды аңғармағандай, көзін таре жүмып алды. Балалар шыңғырып, әрібері шапқылап жүр. Бір-біріне зат лақтырды, тіпті жолаушылардың газетіне жармасты. Әбден мазамыз қашты. Бірақ менің жанымда отырған ер адам селт етпеді. Ашулана бастадым. Өз баласына тәйт демей, олардың бүзықтығына түк болмагандай, көз жұмып отыра берген адамның төзімін түсінбедім. Вагондағы жолаушының бәрінен сондай беймаза күй байқалып тұрды. Ақырында, әлгі адамға бурылдым да, өте сабырлы әрі салмақты қалыппен былай дедім:

  • Сэр, балаларыңыз қанша адамның мазасын алды. Тәртіпке иіақырмас па
    екенсіз?
    Әлгі адам бейне бір ұйқыдан селк етіп оянып, не болып жатқанын қапелімде
    түсінбей тұрғандай бетіме бір бажырайып қарады да, сосын бәсең дауыспен:
  • Ах, иә, сіздікі дұрыс. Бірдеңе істеу керек шығар… Бір сағат бұрын ауруханада аналары қайтыс болған. Сол жақтан келе жатыр едік. Ойым шым-шытырық боп кетті. Бәлкім, олар да содан кейін өз-өзіне келе алмай жүрген шығар, — деді.
    Сол сәтте не сезінгенімді білесіз бе? Парадигмам ауытқыды. Аяқастынан
    бәрін басқаша көрдім. Соның нәтижесінде басқаша ойлап, басқаша сезіндім,
    өзімді басқаша ұстай бастадым. Әлгіндегі кеудемді кептеген ашуым тарқап
    кетті. Ендігі жерде бұл адамға өзімнің қарым-қатынасымды бақылаудың кажет! болмай қалды. Жүрегімді аяушылық сезімі жаулап, оған жаным ашып,
    қайғысына ортақтасқан сөздер аузымнан қалай еріксіз шыққанын байқамай
    қалдым.
  • Әйеліңіз қазір ғана қайтыс болды ма? 0, кешіріңіз мені! Бұл қалай болтаны? Сізге қалай көмектессем екен? Бәрі бір сәтте өзгеріп сала берді.
    Өмірге қауіп төндіретін жағдаймен бетпе-бет келгенде, ойдың осындай аяқ
    астынан өзгерісі көп адамда кездеседі. Шын мәнінде, ненің маңызды, ненің маңызсыз екені бірден білінеді. Немесе, адам жаңа рөлге енгенде, айталық, ерлі-зайыпты болғанда, ата-ана не ата атанғанда, басшылыққа тағайындалғанда, осындай күй кешеді. Тұлға этикасын меңгеріп, ішкі әдебің мен жүріс-тұрысыңды, мінез-құлқыңды өзгерту үшін өз-өзіңмен апталап, айлап, жылдап арпалысуға болады. Бәрібір адам дүниеге басқа көзбен қарай бастағанда, өздігінен болатын өзгерістерге жетпейді екен. Сонымен, өміріңде сәл де болса өзгерісті сезіну үшін, ішкі үстанымдарың мен мінез-құлқыңды өзгерту керектігі белгілі болды. Ал әлдеқайда елеулі, сапалы өзгерісті қажетсінсең, негізгі парадигмаларымызды жетілдіруге тура келеді.
    Торо* айтпақшы, «ағаиітан мыңдаған жапырақты сілкіп түсірген жауыз-дықты тамырынан шабатын одан зоры табылады». Егер біз тек белгіленген ішкі үстанымымыз бен мінез-құлқымызды түзеймін деп жапырақты жүлуды
    доғарып, оның орнына сол ұстанымдар мен мінез-қүлқымыз бастау алатын
    тамырына, яки парадигмасына зер салсақ, сол кезде ғана өмірімізге сапалы
    өзгерістер ене бастайды.

Стивен Кови

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *