Ана болмай өткендер… сағы сынып

«Ана болмай өткендер… сағы сынып,
жалғыз қалған қайықтай ағыс ұрып.
Шаршай алмай талықсып рақаттан
жүгірмеген бала үшін жаны шығып.
Құрсақ көрмей қураса есіл денең,
аянышты бұл жаза – кесім дер ем.
Табиғаттан жазылған ләззатты
ғұмырында басынан кешірмеген…
Тағдыр кейде қатыгез –
сезем, ұғам.
Бірақ Адам қаталдау – себеді ылаң:
нейтрондық бомбадай түршіктірер
“өзім үшін — өмірім” деген ұран.
өнерлі ме ел сүйген дарыны асып –
күрсінеді бәрібір жаны жасып,
ана болу бақытын сезіне алмай.
Мен күлмеймін.
Жылаймын жаным ашып.»

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *