«Жасампаз жандардың жеті дағдысы» адам нәтижелілігінің іргелі қағидаттарының көпшілігін жинақтаған. Бұл — негізгі дағдылар, олар басты маңызға ие, бақыт пен жетістікке түғыр болатын ұсганымдар жүйесі.
Алайда осы жеті дағдыны меңгермес бұрын, эр адам өзінің жеке «парадигмасын» және «парадигма ауытқуы» қалай жүретінін түсініп алуы қажет. Мінез этикасы да, тұлға этикасы да — әлеуметтік парадигманың мысалдары. «Парадигма» — грек сөзі. Бастапқыда ғылыми термин еді, қазіргі заманда оны «теория», «модель», «ұғым», «түсінік» немесе «көзқарастар жүйесі» мағынасында жиі қолданады. Қарапайым тілмен айтсақ, «дүниені қалай көретінімізді» білдіреді. Көзбен көру емес, өмірді қабылдау, үғыну, түйсіну, түсінік беру мағынасында айтып тұрмын. Біздің жағдайымызда парадигманы түсіну үшін, оны жергілікті карта ретінде қарастырғанымыз жөн. Жергілікті карта дегеніміз — ол бір нақты елді мекеннің картасы емес, белгілі бір аймақтың сипаттамасы. Парадигма деген осы. Бір нәрсенің теориясы, моделі немесе түсіндірмесі. Чикагоның орталығындағы әлдебір жерге баруыңыз керек болды делік. Ол үшін қала картасы көмектесер еді. Алайда қолыңыздағы карта басқа. Баспаханада Чикагоның картасының орнына қателесіп, Детройттың картасын басып жіберген. Барар жеріңізге жете алмай қиналдыңыз.
Жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды жетілдіруіңіз мүмкін: көбірек тырысарсыз, табандылық танытарсыз, екі есе тез қимылдарсыз. Бірақ сіз нәтижесінде бөтен жерге тез жетіп аласыз. Сіз өзіңіздің қарым-қатынасыңызды, ұстанымдарыңызды пысықтап, жағымды ойлай бастауыңыз мүмкін. Керек жерге бәрібір жете алмайсыз. Алайда бұл сізді аса қынжылтпайды. Себебі сіздің ішкі ұстанымыңыз позитивті. Сондықтан сіз қайда жүрсеңіз де, көңілді боласыз. Сіз бәрібір адасып кетер едіңіз. Бұл проблеманың сіздің мінез-құлқыңызға, құлшынысыңызға да қатысы жоқ. Бар мәселе қолдағы картаның қателігінде. Шындығында, қолыңызда Чикаго картасы болса, сіздің табандылығыңыздың мәні болар еді. Жолда кедергіге тап болсаңыз, ұстанымыңыздың көмегі тиер еді. Дегенмен бірінші әрі ең маңызды талап — картаның дәлдігі. Әрқайсысымыздың басымызда осындай көптеген карта бар. Оларды екі санатқа бөліп қарастыруға болар еді: 1) қолда бар, болуға тиіс нәрсенің картасы; 2) құндылықтар картасы. Өмірде бастан кешетін жағдайдың бәрін миымыздағы осы ойша карталар арқылы түсіндіреміз. Олардың дәлдігі туралы сирек ойланамыз, бар екенінен бейхабармыз. Біз тек қай затты да сол күйінше немесе қалай болуға тиіс, солай көреміз деп топшылаймыз. Біздің мінез-құлқымыз бен ішкі үстанымдарымыз осындай болжамдардан туындайды. Белгілі бір құбылыстарды, заттарды қабылдауымыз ойымыз бен әрекетіміздің қайнар көзіне айналады. Әрі қарай қозғалмас бұрын, сіздерге бір психологиялық жаттығу жасатқым келеді. Келесі бетте берілген суретке бірнеше секунд қараңыз. Сосын одан кейінгі беттегі суретке назар аударыңыз. Не көргеніңізді толық сипаттаңыз. Әйелді көріп тұрсыз ба? Қалай ойлайсыз, ол қанша жаста? Түрі қандай? Қалай киінген? Сіздің ойыңызша, ол кім? Екінші суреттегі әйелдің жасы шамамен жиырма бесте, өте сүйкімді, сәнді киінген, пісте мұрын, тәрбиелі жан екені көрініп тұр. Бойдақ болсаңыз, оған ғашық болып қалар едіңіз. Егер сән дүкенінде жүмыс істесеңіз, оны модель етіп
аларыңыз анық. Сіз қателестіңіз десем ше? Суретте алпыс-жетпістегі қақсал әйелдің кескіні десем ше? Көз жанары сөнген, қоңқақ мұрынды, модель болуға жарамайтыны анық. Мұндай әйелге жолдан өткізіп жіберу үшін ғана жәрдемдесер едіңіз. Кімдікі дұрыс? Суретке қайта қараңыз. Кемпірді көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, тағы қараңыз. Иілген қоңқақ мүрынды көрмедіңіз бе? Орамалын байқадыңыз ба? Көзбе-көз сөйлесіп отырсақ, бұл суретті мұқият талқылар едік. Сіз не көргеніңізді сипаттар едіңіз. Ал мен сізге өзімнің не көргенімді айтар едім. Сосын әрқайсымыз қалай көріп тұрғанымызды бір-бірімізге білдіргенше, пікір таластыра берер едік. Олай ете алмайтындықтан, мен сіздерге 38-беттегі суретті қарауды ұсынамын. Содан кейін екінші суретке қайта назар аударыңыз. Енді кемпірді көрдіңіз бе? Кітапты әрі қарай оқымас бұрын, оны мұқият көріп алғаныңыз дұрыс болар еді. Бұл жаттығумен алғаш рет бірнеше жыл бұрын таныстым. Ол кезде Гарвард
бизнес мектебінің студенті едім. Оқытушы оның көмегімен бір суретке қара-
ған екі адамның екі түрлі нәрсені көруі ықтимал, әрі екеуінікі де дұрыс екенін түсіндіргісі келген. Мәселе логикада емес, психологияда. Оқытушы бір қолындағы жас әйелдің суретін студенттердің бір бөлігіне, ал кемпірдің суретін екінші тараптағы студенттерге таратты. Жас әйелдің суретін ұстаған студенттер бір жақта, кемпірдің суретін ұстаған студенттер екінші жақта отырған. Ол: «Қолдағы суретті он секунд мұқият қарап шығыңдар да, маған қайтарыңдар», — деді. Содан кейін екі әйелдің бейнесі біріктірілген құрама суретті экранға шығарып, студенттерден не көргенін сұрады. Қолдарына
жас әйелдің рәсімін ұстаған студенттердің бәрі жас әйелді көрді. Кемпірдің суретін алғандар енді экраннан кемпірді көреді. Сосын оқытушы жас әйелді көрген бір студентке қарсы тараптағы студенттерге оны қалай көргенін сипаттап беруді сұрайды. Әңгіме барысында екі тарап арасында коммуникациялық кедергілер байқалды:
- Қайдағы «кемпір»? Бұл әйелдің жасы шамамен жиырма, көп болса жиырма екіде!
- Есің дұрыс па? Қалжыңың шығар? Жасы кем дегенде жетпісте, тіпті сексенде шығар.
- Соқырмысың? Жап-жас қыз ғой! Сүп-сүйкімді! Қырындауға тұрарлық!
Өте сұлу! - Сүлу? Кәрі қақпас қой.
Бүл тартыс оңайлықпен басылмады. Әр тарап өзінікін дұрыс деп есептейді.
Бұл жерде студенттердің жалпы өмірде кездесе бермейтін артықшылығы бар
еді: олар эксперименттің басынан басқаша көзқарастың бар екенін білді. Соған
қарамастан, тек бірнешеуі ғана суретке басқа қырынан қарауға тырысты. Екі
жақтың біраз салғыласуынан кейін бір студент экранға таяп келді де, суреттегі сызықты саусағымен нұсқап: - Мынау — жас әйелдің алқасы! — деді. Ал басқа бір студент:
- Қайдағы алқа, ол кемпірдің опырайған аузы! — деді келіспейтінін білдіріп.
Ақырын сабаларына түсіп, бәрі екі әйелдің ерекшеліктерін айта бастады.
Бір уақытта бірінші студент, сосын екіншісі суреттен екі әйелдің де бейнесін
байқады. Төзіммен түсіндіріп, егжей-тегжейлі талқылаудың арқасында бөлмедегілердің барлығы енді суретті басқа қырынан таныды. Алайда артқа қарап, қайтадан экранға көз тастасақ болғаны, бәріміз сол алғашқы он секундта танысқан бейнені ғана көрдік. Осы экспериментті жеке адамдарға да, ұйымдарға да жиі жасап тұрамын. Себебі бұл тәсіл сіздің жеке бас тиімділігіңізді де, адамдармен қарым-қатынас тиімділігін де арттыратын жаңалықтарға жол ашады. Біріншіден, бұл тәсіл біздің қабылдауымызға, біздің парадигмамызға шарттылықтыц әсері қаншалықты күшті екенін көрсетеді. Егер суретті зерттеуге жүмсаған бас-аяғы он секунд затты тануымызға осыншалықты эсер етсе, өмірлік тәжірибеге эсер ететін күш туралы не айтуға болады? Отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, қызметтестер, достар, таныстар және тұлға этикасы сияқты заманауи әлеуметтік парадигмалар — осының бәрі біздің өмірімізге байқатпай ықпал ететіні сондай, біздің жеке көзқарасымыздың, парадигмамыздың, картамыздың қалыптасуына себептеседі. Оның үстіне бұл эксперимент біздің парадигмамыз мінез-қүлқымыз бен дүниетанымымыздың қайнар көзі екенін көрсетіп отыр. Бұлардан тыс адам баласы үйлесімді әрекет ете алмайды. Адам өзінің танымына кереғар дүниелерді жасаса, әлде сөйлесе, түтастығынан айырылады. Сіз алдын ала дайындықпен суреттен жас әйелді көрсеңіз (90 пайыз жағдайда солай), онда, әрине, оны жолдан өткізіп жіберу туралы ой келмес еді. Өйткені әйелге қарым-қатынасыңыз, этикаңыз оны қалай қабылдауыңызға сай болатыны сөзсіз. Бұл тұлға этикасының ең осал тұстарының бірін нақты көрсетіп береді. Белгіленген үстанымдар мен мінез-қүлықты, оларды тудырып отырған парадигманы зерттеп алмай тұрып, өзгеріске үмтылу нәтижесіз болмақ. Оның үстіне суретке қатысты мысал парадигмамыздың өзгелермен қарымқатынасқа қаншалықты қатты эсер ететінін байқатып отыр. Өз түсінігімізде әлемді қалай анық әрі объективті көрсек, өзгелердің де сол әлемді басқа көзбен, өз көзқарас тұрғысынан соншалықты анық әрі объективті көретінін ұғынамыз. Басқаша айтқанда, «Біздің қайда тұрғанымыз қай жерде отырғанымызға байланысты». Әркім затты сол қалпында көремін деп ойлауға бейім, сол себепті өзін объективтімін деп санайды. Шынтуайтында, олай емес. Әлемге сол күйінше емес, өзіміз қандай болсақ солай, яки қалай көруге үйренгеніміз бойынша қарайды екенбіз. Көз алдымыздағыны сипаттауға қанша тырысқанымызбен, аузымыздан шыққан сөзден бәрібір көзқарасымыз, парадигмамыз аңғарылып тұрады. Біреудің пікірі біздікіне сай келмей қалуы мұң екен, дереу олардікін жоққа шығарамыз. Алайда жоғарыда келтірген эксперимент бір нәрсені әр адам әрқалай, өзіне ғана тән бірегей тәжірибесінің призмасы арқылы көретінін дәлелдеп берді. Бұл мүлде факт жоқ дегенді білдірмейді. Біздің мысалымызда о баста санасы бөлек суретпен жадыланған екі адам үшінші қүрама суретке бірге қарайды. Қазір олар бір мезетте біркелкі фактіні — қара сызықтар мен ақ кеңістіктің сәйкестігін көріп тұр, әрі екеуі де мүны факт деп қабылдайды. Алайда бұл фактілерді сөйлеткенде, екеуі де алғашқы көргендеріне сүйенеді. Сондықтан фактінің мағынасы олардың сипаттауына қарай қүбылып отырады. Негізгі парадигмамыз, картамыз не түсінігіміз қандай екенін, жеке өмірлік тәжірибеміздің ықпалында қаншалықты екенін неғүрлым терең пайымдаған сайын, соғүрлым парадигмамызға жауапкершілікпен қарап, оның астарына үңілеміз. Яки парадигмамызды шындықпен салыстырып, өзгенің пікіріне көбірек қүлақ асуға, өзгенің көзқарасын түсінуге тырысады екенбіз. Сол арқылы шынайы өмір туралы дүниетанымымыз кеңейеді. Басқаша айтсақ, объектив көзқарасымыз қалыптасады.
Стивен Кови