Лүпілдей соқты жас жүрек

«Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
“Поезда-ақ хатты жазшы?!” — деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным –
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр-жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп…

Фариза Оңғарсынова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *