Сол күні Монтанада біздің әкеміздің «араны қайрау» дағдысы, сайып келгенде, бір адамның өмірін қүтқарып қалды. Оның өзі «күнделікті тұлғалық жеңіс жетістігі» деп атайтын іспен — медитациямен, қолжазбаларын қайта қараумен, жаттығумен таңертең ерте айналысатынын жиі көретінбіз. Сол күні де көл жағасында кітап оқып, әрі тамаша көрініске көзі тоймай, рахаттанып, алаңсыз отырған кезінде, күтпеген жерден «Қүтқарыңдар!» деген тұншыға шыққан дауысты естиді. Тұмса табиғатты қызықтау үшін жанынан тастамайтын дүрбісін қолына алып қарағанда, судағы үрленбелі қайықты көреді. Әлде біреу мүздай суда жанушыра тыпырлап, қайықтың жақтауына жанталаса жармасып жатыр екен. Бір сәт те кідірмей, су мотоцикліне қарғып мінген әкей қайыққа жеткенде, ес-түсін білместей күйдегі еркекті көреді. Оны мотоцикліне мінгізіп, жағаға жеткізеді. Бүдан соң оның отбасын іздеп, ең жақын түрған кемпингке барса, отбасы мүшелері ол үйде жоқ екенін, тіпті байқамағанын да көреді, себебі өздері де өлесі мае екен. Арада біраз жыл өткенде, әкеміз аман алып қалған кісі бұл оқиғаны жыр қылып әңгімелеп, бүл оның өміріндегі бетбүрыс сәт болтаный тамсана айтып жүреді. Ол өзін кім құтқарғанын да білмейді екен, тек әйтеуір біреу айқайын естіп, судан шығарып алғанына ризалығын білдіруден танбайды. Бұл жағдайдың тек өзінің тоғыз баласы мен елу төрт немересі үшін ғана емес, «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» рух берген және мәңгіге өзгерткен көптеген компания мен адамдар үшін де «құтқару шеңбері» секілді нәрсеге айналған біздің әкеміз, Стивен Кови үшін символдық мәні бар. Ол бүл дағдыларды өзі ойлап таппағанын әрқашан ашық мойындайтын — олар жауапкершілік, адалдық, жомарттық және жаңару тәрізді табиғат заңдарына немесе әмбебап қағидаларға негізделген. Бірақ ол сондай-ақ «жалпы заңдар әрқашан жалпы тәжірибе емес» деп есептеді және бар өмірін осы үндеуін неғұрлым көп адамға жеткізуге арнады. Отбасымыз оның адам әлеуетін азат етіп, сыртқа шығаруға бағытталған өмірлік миссиясының ұлылығы мен ауқымын 2012 жылы, ол өмірден озған соң ұғынды. Біз бүкіл дүниежүзінен жолданған хаттар, шалынған қоңыраулар мен келген қонақтар нөпірі астында қалдық. Олар әкеміз қүтқару шеңберін қалай тастап, қайсысын қандай қиын мәселе иірімінен — мағынасыз өмірден, компанияны берекесіз басқарудан, ажырасудан, некесі бұзылуынан немесе бала күнде алған психологиялық жарақаттың салдарынан аман алып қалғаны жайында өздері бастан кешкен хикаясын бізбен бөліскісі келді. Біз өзінің принциптерге сүйеніп, өмір сүру үстанымымен миллиондаған адамға шабыт берген әкеміз нақты бір адамды қалай қолдап-қуаттай білгені туралы хиякаяларды тыңцаудан жалықпадық. Әкеміз бас көтермей жұмыс істейтін және парасатты адам калпынан ешқашан айныған емес. Көп жыл бойына ол әлемдік көшбасшылар мен мемлекет басшыларына талай рет кеңес берді және оны артықшылық емес, үлкен жауапкершілік деп білді. Бірде сол кездегі АҚШ президентін жұрттың бәрі дерлік сынға алып жатқан пікірсайысқа қатьісушылар әкеміздің үнсіз отырғанын байкап қалады. Неге өз ойын білдірмей отырғаны жайында сұрағанда, ол жай ғана: «Күндердің күні оған ықпал ете алармын, әне, сол кезде екіжүзді адам болып көрінгім келмейді», — деп жауап берді. Арада бірнеше ай өткен соң, сол президент әкемізге қоңырау шалып, «Жасампаз жандардың жеті дағдысын» екінші рет оқып шыққанын айтыпты және әкеміз бүл қағидаларды қалай қолданудыжеке өзі үйретуге келісім бермес пе екен деп сұрапты. Әкеміз өз ғүмырында төрт АҚШ президентін коса, отыз бір мемлекеттің басшыларымен кездескен. Әкеміз әуелі өзі өмірде байқап көрмеген нәрсені ешқашан үйреткен емес. Бұл әсіресе кітап болып шыққанға дейін, өзі көп жыл бойы зерттеген және өңдеген «жеті дағдыға» қатысты өте дәл айтылған. Ол «проактив» өмірдің шебері болды және бізге, балаларына, үлкен өкінішімізге қарай, өз проблемаларымызда ақталуға немесе ол үшін жағдайға, достарға немесе мүғалімдерге кінә артуға ешқашан рұқсат етілмеді. Бізге «осыны істеуге» немесе «баска жауап таңдауға» тиіссіңдер деп үйретгі. Бағымызға орай, анамыз кейде бізге нақақ қүрбан кейпіне кіруге және кінәні өзгелерге артуға рұқсат беріп, әкеміздің ұстанымымен тәп-тәуір тепе-теңдікті қамтамасыз ететін! Әкеміздің тапқырлығы мен бастамашылдығы шынымен аңызға айналған еді. Бірде ол жол бойындағы жөндеу жұмыстары салдарынан кептеліске тап болып, үшақка кешігіп қалу қаупі туады. Бүдан артык күтуге болмайды деп шешкен ол жүргізушіге: «Мен шығып, көліктер ағынын козғалысқа келтіріп, реттеймін, тек сен мені алысырақ жол бойынан кайта мінгізіп аласың», — дейді. Жүргізуші аңырып қалады. «Сіз мүны істей алмайсыз», — дейді ол. «Қарап түр!» деген әкеміз шынымен машинадан шығып, козғалысты бүлардың қатарындағы көліктер жүре алатындай етіп, реттеп береді (әрине, көлік иелері гудок басып, ризашылық білдіріп жатады); жүргізуші оны мінгізіп алып, үшакка да үлгереді. Отбасында оны қарапайым және еркін адам ретінде білетінбіз; ол басындағы қасқасын жасырып, өзін танытпас үшін сүйкімсіз парик немесе тісі аксиып тұратын протез киіп алып, бейтаныс адамдармен әңгімеге кірісіп кете беретін. Лифтіге кіргенде, біз оның баска жолаушыларға оңтайлана бүрылып (олардың жеке кеңістігін бүза отырып), жарқылдай күліп «Не үшін мұны «жакын таныстық» деп атайтынымды түсінбеген боларсыздар» дейтінін алдын ала біліп, үрейленіп тұратынбыз. Уақыт өте келе, біз өзгелер не ойлап қалады екен деп капы уайымдамауды, әмбе оның жайдары жаратылысынан тек ракатка бөленуді үйрендік. Ол өзінің күндізгі «құс ұйқысымен» әйгілі болған еді. Бойына күш жинап алу үшін ол ең бір ойға келмейтін жерлерде — дүкенде, кинотеатрда, әуежайда, пойызда, саябақтағы орындықта, жалпы, кез келген жерде және кез келген уақытта жұмарланған бешпентін жастанып, көзін маскамен жабатын да, аз ғана уақыт мызғып алатын. Оның құлшыныс-құштарлығы еліктірмей қоймайтын, ол бізге «сагреdiem» («Сәттен құр қалма!») бағытында өмір сүруді және «өмірдің жілік майын соруды» (ол осылай айтқанды жаны сүйетін) үйретті. Өзі қолы жеткен кәсіби жетістігіне әрқашан аздап таңданатын әрі қымсынатын — ол даңқтың ықпалына берілмеген сыпайы қалпында қалды. Өзін-өзі айналысқан ұлы істің қарапайым қызметшісі ғана деп біліп, әрқашан Жаратушы мен өзгелерді үлықтаудан танбады. Ол ешқашан өзінің сенім-нанымы мен дінінен ұялып-қысылған емес және адам өмірінің орталығында Қүдай тұратын болса, онда қалған дүниенің барлығы міндетті түрде өз орнына келеді деп есептеді. Ол бізді компанияның немесе жеке түлғаның ұзақ та берік жетістікке жетуінің жалғыз жолы мәңгілік кағидаларға сәйкес өмір сүру деп үйретті. Шын мәнінде, әкеміз өз уағыздарына сәйкес өмір сүруге бар күшін салып бақты және әр олқылығы үшін бізден жиі кешірім сүрайтын: «Балам, өзіме ие бола алмай қалғаныма қатты өкінемін» немесе «Қымбаттым, тым қатты кеттім. Сонымды түзету үшін не істейін?» дейтін. Адамдар бізден оның отбасында өсіп өмір сүру қандай болды деп жиі сұрайды, сірә, ол жақсы адам болып көрінгенімен, іс жүзінде ондай жақсы адам емес деп ойлайтын. Әрине, ол кемел адам емес еді, оған да кейде анамызды күтіп немесе көше кептелісіне тап болып қалса, шыдамдылық таныту ауыр соғатын, әйтсе де оның ілімі мен өмірінің арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ. Ол жұрт қандай адам деп ойласа, нақ сондай адам болды. Сірә, біздің әке атына айта алар ең үлкен мадағымыз мынау болар: көпшілік қауымға ол жазушы және ұстаз ретінде қанша керемет болса да, өзінің жеке өмірінде әке және отағасы ретінде ол одан да қымбат еді. Біз оны осы түрақтылығы үшін жақсы көрдік. Бәріміз әкеміздің уақытты, басқалармен бірге болғаннан да, өз отбасында рақаттанып өткізетінін білетінбіз және ол мұны уақыт бөлуімен және «Басгы іске баса мән беруімен» дәлелдейтін. Ол сапарға көп шыққанымен, біз үшін маңызды туған күн немесе баскетбол матчы секілді оқиғаларды мүлт жібермеуге тырысатын, кейде тіпті екі жыл бұрын жоспарлап қоятын. Ол «қарым-қатынаста ұсақ-түйек болмайды» деген принципті үстанатын, әрқайсымызбен жеке-жеке араласып, «эмоциялық банктегі» шотымызға тұрақты түрде салым салып тұратын.
Ол оқу-үйрету сәттерінің шебері еді және шешімді бір мезеттік сезімнің әсерімен емес, біздің қүндылықтарымыз негізінде қабылдауға көзімізді жеткізіп, шынайы принциптерді өзінің атқарар ісінің бәріне қолданатын. Ол өз өмірінің үлгісі арқылы бізге «өмір — карьера емес, миссия» екенін және шынайы бақытты өзгелерге көмектесу арқылы табуға болатынын үйретті. Әкеміз анамыз Сандраны аялап өтті, екеуінің керемет жұбайлық өмірі елу алты жылға созылды. Олар аптасына бШнешереі екеуін жақыидастырып туратын айрықша дәстүрді орындайтын тамашалап, бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, орташа жылдамдықпен ұзақ қыдыратын. Әкеміз алыста жүрсе, күніне бір-біріне екі-үш рет телефон соғатын. Олар әлемдегі саясаттан бастап, кітап пен бала тәрбиесіне дейінгі нәрсенің бәрін талқылайтын, әкеміз оның пікірін кімдікінен болса да жоғары бағалайтын. Әкеміз терең ойшыл адам еді және онда кейде тым ілімшілдік үрдісі бой көрсететін. Анамыз зейін қойып тыңдай білетін әрі әкеміздің материалын оңайырақ және оңтайлырақ етуге көмектесетін: «Стивен-ау, мынауың тым күрделі! Не айтып отырғаныңды ешкім түсінбейді. Оңайлат және өмірден алынған оқиғаларды көбірек баянда!» дейтін. Әкемізге осы кері байланыс өтеқатты ұнайтын! Бүгін енді өзіміз балалы-шағалы болған кезде, біз олардың «Ұттым/Ұттым» күйіндегі қарым-қатынасына сүйсіне қараймыз және ата-анамыз ортақ бақытынан қалай ләззат алғанын түсінеміз. Әкеміз көшбасшылыққа тамаша анықтама берген еді: ол «көшбасшы болу — әр адамның қүндылығы мен элеуетін мойындау деген сөз, мүны мейлінше анық айт, эр адам осыны өз бойынан өзі көретіндей шабыттансын» деп үйретті. Оның қазасынан кейін іле-шала бала кезі өте ауыр болған бір адам бізге әкеміздің ойын дәл жеткізген сәлемдеме жіберіпті: «Отыз жыл бүрын маған жасап берген нүсқауларының жазбасын әлі күнге дейін сақтап жүргенімді отбасы білсе екен деймін. Басқа кеңестерімен қоса, маған ол Қүдай мені сүйетінін, колледжге түсуге тиіс екенімді және күндердің күнінде міндетті түрде өз отбасым болатынын айтты. Отыз жыл бойы мен оның айтқандарын тыңдап келдім және ол менің бойымнан аңғарып көре білген нәрсенің бәріне қол жеткіздім. Онсыз мен қазіргі мен бола алмас едім. Сіздерге рақмет!». «Жасампаз жандардың жеті дағдысының» айрықша мерейтойында, мадақ сөздер мен осы кітап ықпал еткен миллиондаған адам һәм мыңдаған үйым арасынан біз, Стивен Ковидің балалары, «жасампаздығы жоғары» отағасына құрмет білдіргіміз келеді. Бір кезде оның өзі суға кетіп бара жатқанды құтқарып қалғанындай, оның өмірі мен оның сөзі алдағы уақытта да сіздер, отбасыларыңыз, компанияларыңыз, командаларыңыз және басқа да қисапсыз көп адам мен олардың ісі үшін құтқарушы шеңбер бола беретініне сенеміз.
Біз бүгінгі беймаза заманда «жеті дағдының» мәңгілік принциптері басқа қай кездегіден де қажетірек екеніне және оның таралуы мен ықпалы уақыт өткенсайын, тек өсе беретініне сенеміз. Осындай тамаша атамыз бен әкеміз болтаны үшін тағдырымызға үнемі ризашылық білдіреміз. Адал өмір сүруге, әлемді өзгертуге және әрқайсымызға берілген биікке көтерілуге шақырған оның мүрасы біздің және оның керемет рухы мен шабыттандырушы ілімі ықпал еткен жандардың бойында өмір сүре бермек.
Құрметпен,
Стивен Ковидің балалары:
Синтия, Мария, Стивен, Шон,
Дэвид, Кэтрин, Коллин,
Дженни жэне Джошуа